Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:42, 28 Ақпан 2023

Далбақай мен Жалбақай

None
None

Қазір әр ауылда, ауданда, облыста әкімдердің жиын-жиналыс кездесулерінен қалмайтын «сөйлегіш шешендер», «ұсыныс айтқыштар» әкімді көзін бақырайтып қойып, «біздің баяғыдан күткен арманымыз сіздей азамат еді» деп бір жазушы Колбиннің аяқ-қолын жерге тигізбей, көзіне жас алып тұрып айтты» деген әңгіме бар.

Сол сияқты әкімдерді көрсе, «жерден жеті қоян» ұстағандай, егіле сөйлейтіндерден көз сүрінуге айналды.

Бірер әкімдердің жиын кездесулеріне қатысқаным бар. Содан бір эпизод ойыма оралып тұр. Қаз-қалпында баяндайын, оқырман.

Клуб төрінде әкім отыр. Таққа отырғанына бүгін 40 күн толуына орай, кездесу ұйымдастыру белгіленсе керек. Әдетте, 40 күн еске алу, қырқын, жылын беру өлген адамға арналатын еді. Ал бүгінгі кездесу әкімнің таққа отырғанына 40 күн толуына арналғанына аң-таң күй кешіп мен отырдым.

Ә дегеннен 40 күн, жүз күн толуына орай кездесу өткізу дәстүрге айналып барады. Клуб төрінен бір азамат қол көтерді. Көзінде әйнегі бар. Алпыстың о жақ, бұ жағынан асқан зейнеткер көрінеді. Сөз алды. Әбден айтар сөзін үйден дайындалып келген оқушы баладай сайрап тұр. Оны айтасыз тағы бір ағамыз бір әкімнің соңғы кезде қойған кадрларын түгелдей баяндады. Жергілікті баспасөзде (бірі депутат, бірі байырғы журналист) тізіп мақтады.

– Әкім мырза, сіз келгелі көп жұмыс атқарылып жатыр. Тазалыққа мән берілуде. Мұндай серпіліс соңғы жылдары болмаған еді, – деп әлгі азамат бірер сөздің басын шалып, әкімді жер-көкке тигізбей мақтады.

Тағы біреу қол көтерді:

Бұл да зейнеткер еді. Бұл ардагер әкімнің кадр таңдаудағы адам танитындығын мадақтады. Әкім бас шұлғып, рақмет дей берді.

Бұл күнгі әкіммен кездесуде оншақты адам төгіле сөйледі.

Залда отырған бір ағамыз трибунадан түсіп келе жатқан адамға ашу шақырып:

– Иә, Жалбақай сенікі не мақтау! Дауысы қатты шықты.

– Иә, сенікі не Жалбақай, – деді бір азамат тағы бір сөйлегіш ағасына көз аларта, ренішін білдіре, риза болмаған кейіп байқатып.

Бірде әкімнің қабылдауына келген оншақты адамның тізімін ұстаған қызға кездесіп қалдым.

– Аға, бүгін әкім бір топ кісілерді арнайы қабылдауға шақырып отыр. Мына отырғандар солар.

Бәріне көзім түсті. Бәрі де жақында әкім кездескенде сөз сөйлеген, жұрт бірін Далбақай, екіншісін Жалбақай деп ат қойған баяғы азаматтар екені көзіме оттай басылды.

Кейін қабылдауға келгендер баяғы сөйлегіштер ағасының қызметке тұруына, бірі інісінің мәслихатқа депутат болуына, бірі немересіне пұл сұраған өтініштер болып шықты. Қысқасы, кездескенде әкімді мақтап сөйлейтіндердің көбінде «бақай есеп» жатқаны мені таңырқатты.

Басқа жерді қайдам, біздің өңірде өздерінің жеке басының қамын ойлап, әкімді қолпаштай сөйлейтін «бақай есепшілер» көбейіп барады. Әкімдердің көбісі жасанды сөзді қардай боратқандарға риза болып, жаппай бас шұлғуға шықты.

Бұл күндері жер-жерде Далбақай мен Жалбақайдың қатары өсіп келеді. Кезінде тұңғыш президент Назарбаев тұсында трибунадан түспей, мақтанып сөйлегіштер, жазғыштар мол болғанынан хабардар ұрпақпыз. Ақыры, осы орынсыз қолпаш, әсіреқызыл Далбақай мен Жалбақайлар Назарбаевтың түбіне жетті.

Астапыралла! – деп сөйлейінші Далбақай мен Жалбақайлар. Бәрін Алла көріп тұр ғой.

Тегтер: