Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 20 Шілде 2023

Дамир Исмағұлов UFC-ден кетті

None
None

Ресейде тұратын қазақ файтер Дамир Исмағұлов UFC-ден шығарылды.

Бұл туралы UFC Roster Watch сервисі хабарлады.

Исмағұловтың лигамен келісімшарты аяқталды. 2 шілде күні Дамир Грант Доусоннан жеңілді, бұл оның UFC-дегі екінші жеңілісі болды. Бұған дейін ол былтыр желтоқсанда Арман Царукянған есе жіберген. 

Спортшы қатарынан екі рет жеңіліске ұшыраған соң лига онымен жаңа келісімшарт жасасқан жоқ.

Айта кетейік, Исмағұлов UFC-де 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бес мәрте жеңіске жетіп, екі рет жеңілді. 32 жастағы спортшының ММА-дағы рекорды — 24-3.

Тегтер: