«Damumed» дауы: Жанжал Қауіпсіздік кеңесіне дейін жетті
Бірнеше күннен бері денсаулық сақтаужүйесінде тағы бір даулы мәселе пайда болды.
Қазақстандықтарға өзітіркелген жекеменшік медициналық ұйымның немесе мемлекеттік емхананыңдәрігеріне онлайн түрде жазылып, қаралуға мүмкіндік беретін «Damumed» қосымшасыныңосы уақытқа дейін жасырып келген өтірігі әшкереленді.
Дәлірек айтсақ, қосымшаны әзірлегенкомпания немесе қосымшаның өзі емес, емдеу мекемесінің дәрігерлері жасағанжасырын әрекеттері белгілі болды. Емхана немесе медициналық ұйым дәрігерлеріқосымшаға кіріп, өз аумағына қарасты адамды өтірік қабылдауға жазып, «онықарадым, ем-шара жасадым» деп жалған ақпарат енгізген. Қазір бұл мәселеқоғамда қызу талқыланып, қазақстандықтар жаппай қосымшадағы жазбаларынақтарып қарап, аңтарылды да қалды. Жекелеген адамдар тексеру барысында өздерінқойып, тіпті кішкентай балаларының өзі сан түрлі дәрігерге «қаралып»үлгергенін көріп жатыр.
Мәселенің ушығып бара жатқанына алаңдадыма, әлде бұл арада өздерінің «сүттен ақ, судан таза» екендерін елге паш еткісікелді ме, әйтеуір, осы қосымшаны әзірлеген ІТ-компания өкілдері бұл ақпараттық жүйенің емес, керісінше,емдеу мекемелерінің кінәсі деп отыр. Бұлретте «Damumed» компаниясының бас директорыНаталья Киль: «Кейемделушілер қосымшадағы мәліметтің сәйкес еместігін айтады. Біз шағым түскен емхана мен емделушінібайланыстырып, мәселені реттеп жатырмыз. Қабылдауда болған-болмағанын анықтапбереміз. Мұның бәрін денсаулық сақтау басқармалары көріп отыр. Ал түйткілдіталдау, зерттеу, шара қолдану біздің міндетімізге кірмейді. Бірақ у-шу көбейгенсоң, тәулік бойғы колл-орталықты іске қостық», – деді.
Бұл арада мобильдік қосымшаны әзірлеген «Damumed» компаниясының кінәсі жоқ делік. Бірақ 2018 жылы елдегі IT-компанияларының «Damumed»монополиясына қатысты петиция жариялағаны біздің есімізге еріксізоралады. 2018 жылы қазақстандық IT-компаниялар «нарықты бір «Damumed»компаниясы монополиялап алған, ал денсаулық сақтау министрлігі оның мүддесінқорғап отыр» деп үндеу жолдаған болатын. Бұған қатысты MedElement медициналық ақпараттық жүйесінің бас директоры ВиталийЕрмоленкосол кездері БАҚ өкілдеріне берген пікірінде: «Біздің үндеуімізде ешқандай да саяси себепжоқ, хайп жасағымыз келмейді. Мұнда тек экономикалық себеп бар. Денсаулықсақтау министріне жолдаған үндеуімізге жауап алғымыз келеді», – деген болатын.
Артынша осы үндеуге қатыстыденсаулық сақтау министрлігі «Damumed-тің» мүддесінқолдау туралы айыптауларға жауапбереді. Қазіргі уақытта істі болған вице-министр Олжас Әбішевтің айтуынша,нарықта медициналық ақпараттық жүйелерді жасайтын 29 компания бар, соның ішінде«Damumed-ке» нарықтың 33,9 пайызы тиесілі. Келесі орында 31,2 пайызбен«Жетісу», 21,2 пайызбен «Қазмединформ» және басқалары бар. Қалай десек те, біз медицинаны цифрландырамыздегелі біраз уақыт болды. Осы қосымша 2018 жылы тетікке қосылғанда «Damumed»қағазсызмедицина кепілі деп сенім арттық.
Ал қазір министрлік жер-көкке сыйғызбаймақтаған «Damumed-ке» қатысты қызметтік тексеру жұмыстары басталды. Бұлтуралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов: «Дәрігердің қабылдауында болмағанадамдарға жалған ем жасап, қызмет көрсеттік деп есеп бергендер анықталады.Ресми мәліметтерге сай, 13 мыңға жуық жалған өтінім жасалып, 75 млн теңгеталан-таражға түскен», – деді.
Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, бұл ақшаемханалар есебінен үш есе артық қайтарылады. «Ол жеке дәрігерлерден емес,заңды тұлғалардың атынан қайтарылады. Бұл жалған ақпаратты, науқастарды жалғантіркеуге, осыны қолданған медициналық орталықтар кәдімгідей қылмыс істегенменбірдей. Неге десеңіз, кез келген науқас осындай бір жалған ақпарат орталықкомпьютерлік жүйеге енгізілген кезде, ол ертеңгі күні ес-түссіз ауруханағатүскен кезде, кез келген дәрігер оның құжатын, өткен аурулары мен қабылдағандәрілерін қараған кезде жалған ақпаратты алады да, өзінің емдеу ережесінбасқаша жолмен жүргізеді», – дейді Бағдат Қожахметов.
Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі «Damumed-те»жалған тіркеулермен ең көп мөлшерде айналысқан аймақтарды да атады. «Мәліметтерді бұрмалаудың ең жоғарыкөрсеткіші Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматыдағы және басқа дааймақтардағы ұйымдарда анықталып отыр. Атап айтқанда, қай медициналық ұйым мұныкөп жасағаны туралы сұраққа мен кейінірек жауап бере аламын. Қандай жағдайдаболсын одан пайда көретін адамды іздеу керек. Денсаулық сақтау министрлігі бұлмәселеге байланысты қазір мұқият ішкі тексеру, құқықтық сараптама жүргізуде,өйткені денсаулық сақтау министрлігі заңгерлерінің айтуынша, бұл жағдай қор менмедициналық мекемелердің құқықтық қатынастарынан тыс көрініске ие. Сондай-ақбұл мәселе азаматтардың қауіпсіздігі мен өміріне қатысты», – деді министрліктіңресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Қазір министрліктен бөлек, бұл мәселені Қауіпсіздіккеңесінің хатшысы Әсет Исекешов бақылауға алды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көрсетілген медициналыққызметтің сапасы мен көлеміне қатысты үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Алжалған мәлімет енгізген медұйымдарға айыппұл салынады. Айыппұл көлемі 2019 жылыұлғайып, медқызмет бағасының 100 пайызынан 300 пайызға дейін өсті», – дегенӘсет Исекешов«Damumed» қосымшасына енгізілген көрсетілмегенқызмет туралы жазбалар фактісін тексеруге сөз берді. Сондай-ақ Исекешов баспрокуратураға 28 тамызға дейін тексеру жүргізуді тапсырды. Осылайша елдегі «Damumed»дауы Қауіпсіздік кеңесінің назарынадейін ілікті.
Негізінен, осы саланы зерттеуші сарапшылар «Қазақстанда денсаулықсақтау саласындағы цифрландыруға шамамен жыл сайын 30 миллион доллар кетеді»деп бағалайды. Ал ІТ-саласының мамандары «Қазақстан медицинасын цифрландыруға қыруарқаржы салынса да, бұл сала қараңғылықтан әлі шыға алмай отыр» деп есептейді.
Мінекей,қаржысын бөліп, жоспарын жасап, арнайы бағдарламаға енгізіп қоссақ та, біздегіцифрлы медицинаның сиқы әзірге осы болыптұр. Ал «Damumed»дауының түйінін тамыздың соңында Қауіпсіздік кеңесі мен баспрокуратура жария етеді.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ