Damumed компаниясына 286 млн теңге айыппұл салынды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Damumed компаниясының қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректерін анықтағанын хабарлады.
Астана қаласы бойынша департамент «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-не қатысты жүргізілген тергеуді аяқтаған. Тексеру нәтижесінде компания «DAMUMED» кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қол жеткізу мен оны техникалық сүйемелдеу қызметтері үшін монополиялық жоғары баға белгілегені белгілі болды.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аталған серіктестікке 286 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Айыппұл толық көлемде төленген.
Айта кетейік, 2023 жылы Damumed дерекқоры Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне берілген болатын.