Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 17 Желтоқсан 2021

Даңғаза

None
None

Доғарыңдар,

Жетер енді,

Тоқтатыңдар мазақты!

Белден басып бетегемді,

Қорладыңдар Қазақты

Бұл не деген тәубесі жоқ,

Бітпейтұғын даңғаза?

!

Көз арбайтын сәулесі көп...

Бәрі өтірік,

Далбаса.

Күдік пенен күмән жұпты,

Сырбаз-сырды сақтау бар,

Мезі қылды мына жұртты,

Марапат пен мақтаулар.

Сауық-сайран көргендерің,

Опа тапқан кім одан?!

Таққан медаль, ордендерің,

Құтқармайды күнәдан.

Көкіректер – сұрақ тұнған,

Көңілдерді қозғасын.

Кім сүртеді,

Жылап тұрғн,

Желтоқсанның көз жасын?!

Тегтер: