15:04, 07 Желтоқсан 2022
Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметін сақтап қалды
Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, — деп хабарлайды Zhasalash.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген хабарламада.
Даниал Ахметов 60 жаста. Ол Павлодар индустриялық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын өнеркәсіп шебері болып бастады, кейін «Павлодаржилстрой» тресінде жұмысты өндіруші болып қызмет етті. 1992-1993 жылдары ол Екібастұз қалалық әкімшілігіне жетекші болды. Содан кейін Павлодар облысының әкімі, кейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған.