Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:41, 29 Қыркүйек 2025

Дания дрондар туралы хабарламадан кейін ұшақтарын әуеге көтерді

Дрон
Фото: Sofiia Gatilova/REUTERS

Данияда белгісіз дрондардың көбеюіне байланысты әскери әуе күштері F-35 әскери ұшақтарын әуеге көтерді. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеді.

28 қыркүйек күні кешке F-35 ұшақтары Борнхольм аралының үстінен бірнеше мәрте ұшып өтті.  Berlingske басылымы екі ұшақтың пайдаланылғанын жазды. Алайда Дания Қарулы күштері бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Кеш бойы полицияға тұрғындардан белгісіз дрондар туралы көптеген хабарламалар түскен. Тексерістер жүргізген тәртіп сақшылары мұны «жұлдызды түнге байланысты қателесіп байқалған жайттар болуы мүмкін» деп түсіндірді.

22 қыркүйек күні Копенгаген әуежайы әуе кеңістігінде дрондардың пайда болуына байланысты уақытша жабылды. Сол күні дәл осындай себеппен Норвегия астанасы Ослодағы Гардермуэн әуежайы да біраз уақыт рейстерді тоқтатты. Кейінгі күндері дрондар Даниядағы Ольборг, Эсбьерг және Сённерборг әуежайларының маңында, сондай-ақ Скридструп пен Каруптағы әскери базалар үстінен байқалды.

Дания билігі бұл жағдайларды «шабуылдар» ретінде бағалады.

1 қазанда Копенгагенде өтетін Еуроодақ саммитіне байланысты 29 қыркүйектен бастап бес күнге азаматтық дрондардың ұшуына тыйым салынды.

Сонымен қатар, халықаралық шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Германия Данияның өтініші бойынша Копенгагенге әскер жібермек.

Тегтер: