Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:52, 29 Наурыз 2023

Дания Еспаева Мәжілістің вице-спикері болды

None
None

Мәжілістің жаңадан сайланған төрағасы Ерлан Қошанов өз орынбасарларының кандидатурасын ұсынды, — деп хабарлайды ЖасАлаш.

Орынбасарлардың бірі болып «Ақ жол» партиясынан депутат Дания Еспаева сайланды.

Ашық дауыс беру кезінде Мәжіліс депутаттары ұсынылған кандидатураны көпшілік дауыспен қолдады.

Еспаева Дания Мәдиқызы, 1961 жылы туған, қаржыгер, VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, 2019 жылғы сайлауда президенттікке кандидат. Депутаттық қызметке дейін 1982 жылдан бастап банк жүйесінде жұмыс істеген, банктердегі жалпы еңбек өтілі 34 жыл, оның 17 жылы басшылық қызметтерде болған.

Тегтер: