Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:17, 07 Сәуір 2020

Дара тұлға, ұстаз, елші Бахтияр Тасымов жайлы ой

Қазақтың қоғамдық өмірінде, саясатында, ағартушылығы менғылымында, басқа салаларда тәуелсіз мемлекетіміздің дамып өркендеуіне сүбеліүлес қосқан тұлғалар қашан да аз болмаған.

Алайда кей кездері олардың ғибраттығұмыры мен атқарған үлгілі істері заманында лайықты бағасын ала бермейді. Тіпті,бұл жалғаннан өткеннен кейін де талай қайраткерлердің есімдері тиісті дәрежеде еленіпотыр деп айта алмаймыз. ­Өткенге салауат қылу, барымызды мақтан тұту, жастарғаалдыңғы буынның аманатын жеткізу, мирас ету тұрғысынан бұл – үлкен кемшілік. Осындайабзал жандардың қатарында кеше ғана дүниеден озған Бахтияр Тасымов жайлы бірерсөз.

Бахтияр Сардарбекұлы Тасымов 1950 жылы сол заманғы ӨзбекССР, Ташкент облысы, Шыршық қаласында өмірге келген. 1976 жылы Ташкентмемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітіріп шыққан. Содан берібар білігі мен бойындағы күш-қуатын Арабтың қыр-сырын  зерттеуге, Қазақты осы өркениетпен барыншатаныстырып табыстыруға арнады.

Алғашқыда жас маман Алматыда республикалық «Мектеп»баспасында араб редакциясының меңгерушісі болып, еңбекке кірісті. Және, ешәсірелегендік емес, отандық арабтану мектебінің қалыптасуына шешуші үлес қосқанбелсенділердің біріне айналды. Айтпай кетпеске болмас – Ұлы Әл Фарабиден бастап,Хәкім Абайға дейінгі аралықта қазақ зиялылары Араб әлемінің ғылымы менәдебиетінен сусындап, екі арадағы рухани байланыстардың ұлғаюына зор мән бөліпкелген. Отарлық заманда бұл игі дәстүр жоққа шығарылып, Мәскеудің өктемімнен1920-шы жылдарда КСРО-ның Сауд Арабиясындағы елшісі болған Нәзір Төреқұловқуғын-сүргінге ұшыраған соң, мүлде өшті. Сан ғасырлық қажылықты атқару салты,сауда, мәдени байланыстар тоқырады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, ол кезде Еуропаныңбоданына айналған Араб елдері ұлт-азаттық күрестің арқасында бірінен кейін біріегемендікке қол жеткізіп жатты. Жүре-бара геостратегиялық маңызы, экономикалық һәминтеллектуалдық әлеуетінің арқасында, 1970 жылдардан бастап Араб әлемі ғаламдықсахнада дербес те маңызды факторға айналды.

Сол кеңестік құрсаудың өзінде Қазақ қоғамында сырт әлемге,оның ішінде, Арабқа деген қызығушылық жанданды. Соның бір дәлелі ретінде 1973 жылыАлматыда өткен Азия және Африка жазушыларының конференциясын атап өтсе болады.Аталған сарынмен Араб дүниесінің кілті – оның тілі мен мәдениетін оқып-білугеынта пайда болды. Дәл сол кезде Алматыдағы бірнеше қазақ мектебініңбағдарламасына Араб тілі пәні енгізілді. Қазақ Ұлттық университетінде филологияфакультетінің құрамында Араб бөлімі (1990 жылдан бері Шығыстану факультетінеайналды) ашылды. Ал осындай айтулы шаруалардың іске асуына Әбсәттар Дербісалиев,Бахтияр Тасымов сынды ғалымдар барынша атсалысты. Мақтанышпен атап өтерлігі –бүгін қазақтың Арабстандағы елшілерінің басым бөлігі осы білім ордасыныңтүлектері болып табылады.

Бахтияр Сардарбекұлының өзі 1980-ші жылдарда «Араб тілініңәліпбесі», «Араб тiлi: өзін-өзі окыту», «Араб тілі: 11-сыныпқа арналған оқулық»тәрізді еңбектерді оқырманның назарына ұсынды. Онда араб тілінің күрделіграмматикасын қазақ тілінде өте ұғымды жеткізе білді. Асылы, аталаған оқулықтарәлі күнге дейін құндылығын жоғалтпай, қолданыста қалып отыр. Баспагерлікжұмысын ағамыз Қазақ Ұлттық университетінде ұстаздықпен сәтті ұштастырды. Оныңтағлымы мен тәрбиесін алған мамандар білім мен ғылымның түрлі салаларындакөрініп жүр.   

Дәл сол жылдары КСРО-ның Араб елдерімен байланыстарынығая түскенде, Бахтияр Тасымов Йемен, Ирак сынды Таяу Шығыс елдерінде жұмысқашақырылды. Осында инженер, дәрігер, инструктор болып келген қазақ мамандарынақолдан келгенше, көмектесіп отырды. Сондай-ақ, 1980 жылдардың соңында КСРО-ныңМароккода елшісі болған көрнекті жерлесіміз Мәлік Фазыловтың мұрындық болуыменҚазақстан мен Африканың солтүстік-батысында орналасқан патшалықпен тікелей байланыстарорнады. Алматы мен Марокконың бұрынғы астанасы Мекнес қалаларының арасындабауырластық қатынастар орнады. Екі жақтың белді оқу орындары – Әл Фарабиатындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Мауләй Исмаил атындағы университетіарасында серіктестікке қол жетті. Бүгінде біреу білер, біреу білмес – қазақстуденттерінің ең алғаш алыс шетелге алмасу бағдарламасымен барып оқып келгенел – дәл осы Марокко еді. Аталған жетістіктердің орын алуына да Бахтияр Сардарбекұлымүмкіндігінше атсалысты.

Өмірлік жолда Бахтияр ағамызбен кезіккен кез-келген адамоның парасатттылығына, терең біліміне қоса қарапайымдылығына, қанағатшылдығына,кең пейілдігіне тәнті болатын. Бәкеңнің бойына біткен қонақжайлығы өз алдынабөлек әңгіме. Жасы үлкен не кіші болсын, қонақ үйіне келсе, Айман жеңгемізекеуі кең дастарқанын жайып күтіп, өздері кәдімігідей марқайып қалатын.

Өмірден мысал: 1980 жылдардың басында жетекші арабистретінде танылып үлгерген Бахтияр Тасымовты Қазақ ССР компартиясының біріншіхатшысы Дінмұхамед Қонаев резиденциясына шақырды. Димекең шетел киноларынтамашалайтын дағдысымен арабша бір фильмді тәржімалап беруді өтінген екен.Ағамыз өз жұмысын жақсы орындыған болу керек бірінші хатшы ризашылығын жаудырыпқандай жәрдем ете аламын деп сұрапты. Қаланың шетіндегі бір бөлмелі пәтердетұрып жатқан арабтанушы: «Рахмет, менде бәрі жеткілікті», – деп жауапқайтарыпты.

1990 жылдар басында Қазақстан Тәуелсіздігін алған бойда БахтиярТасымов Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа тұрды. Оның бай тәжірибесі ТаяуШығыс пен Африка бағыты бойынша енді ғана қалыптасып келе жатқан отандықдипломатия үшін ерекше құнды еді. Министрліктегі араб бөлімінің меңгерушісіретінде Қазақстан мен Араб әлемінің арасындағы байланыстардың негізі сол кездеқаланды. Бірақ ағымдағы жұмыстар қаншама қауырт болса да Бәкең министрліккетартылған жас мамандарға өмірлік те, кәсіби тұрғыдан жөн сілтеуші үлкен ұстазболудан аянып қалған емес. Орталық аппаратта болсын, елшілік құрамында болсынөзім секілді көптеген жас шығыстанушы-дипломаттарға ақылшы да, адал жолдас та, мықтытірек те бола алды.

Қазірде қазақ елі мен Арабия арасындағы ынтымақтастықтыңқанат жаюына зор үлес қосқан отандық дипломаттар аз емес. Олардың қатарында БағдатӘміреев, Қайрат Лама-Шариф, Ержан Мұқаш, Балтабай Омаров, Қайрат Сәкиев, АзаматБердібаев, Алмаз Абдраманов, Бақыт Батыршаев, Бабур Дәуренбеков, басқа даазаматтардың есімдерін мақтана атаймыз. Асылы, олардың да көпшілігінің жетіліп,дипломатия шыңынан көрінуіне Бәкең көп еңбек сіңірді.

1995 жылдан бері, жиырма жыл бойында Бәкең бірқатар арабелдерінде елміздің лауазымды өкілі болды. Оның ішінде, Мысыр, Сауд Арабиясы,Бахрейн, Кувейт, Сирия, Марокко сияқты мемлекеттерде елші қызметін атқарды. Өзіелшілік тізгінін ұстаған мерзімде екі ортадағы сауда айналымының ұлғаюы, инвестициялардыңеселеп артуы, туристік алмасудың өсуі, қазақтың мал өнімі мен астығыныңэкспорты артқаны, жан-жақты ынтымақтастықты ынталандырып реттеуші ондағанкелісімдердің бекітілуі — атқарылған жұмыстардың ауқымын айшықтай түседі.

Халықаралық саясатта кез-келген мемлекет әріптескеқаншама жылы шырай танытсын, ең алдымен, өз ұлтының мүддесін алға қоятынымәлім. Осындай тартыста қажетті қырағылық пен табандылық танытып, қазақ ұпайыныңартуына барын салу өз алдына ерекше шеберлік. Бұл да Бахтияр Тасымовтыңфеноменіне арналған келешек зерттеулерге арқау болары хақ.

«Дарынды адам қай жағынан да дарынды келеді» демекші, бұлсөз Бахтияр Сардарбекұлына әбден үйлесімді. Соның бір көрінісі ғана – оныңіздемпаздығы, білген-тергенін қағаз бетіне түсіріп, басқамен бөлісуге асығып тұратындығы.Сауд Арабиясында елші болған жылдары Бахтияр Тасымов «Сауд Арабиясы: Фахд БенАбдул Азиз Әл Саудтың жасампаздық дәуірі», атты тарих пен саясатқа тереңненүңілген зерттеуді кітап қылып басып шығарды. Ауыз толтырып айтарлық жетістік –осы кітап пен Қазақ-Сауд ынтымақтастығына қосқан ерекше үлесі үшін Саудбасшылығы Бәкеңді өз елінің ең ұлық марапты – бірінші мәртебедегі Абдул Азизорденіне лайық деп тапты. 

Бахтияр ағаның Мысырдағы елшілікті басқарған шағы күлліТаяу Шығысты дүр сілкіндірген «Араб көктемі» оқиғаларымен тұспа-тұс келді.Жер-жерде революциялық ұрандармен мемлекеттік төңкерістер, онымен ілесе жүретінқанды қақтығыстар, зорлық-зомбылық сынды тәуекелдер Тунис, Либия, Бахрейн,Оман, Сирия, басқа да жергілікті қоғамдарда етек жайды.

Сол сарынмен Мысырдың және бірінші кезекте ел астанасыҚаирдың астан-кестені шығып, болжауға еш келмейтін шытырман жағдайлар болыпжатты. Ашуға булыққан, оның ішінде, арандатуға ерген көтерілісшілердің нөпірімемлекеттік нысандармен қатар шетел азаматтарын да нысанаға алды. ҚаирдаҚазақстан елшілігі орналасқан Маади ауданында шетелдіктерге ойран салыныпжатқаны жайлы ақпарат «Әл Джазира» сынды ақпарат көздерінен тарап жатты.Осындай қатерлі сәтте қатты алаңдап, Бахтияр ағаға телефон шалдым. Айтқаным –барынша абай болыңыз, мүмкін болса, тезірек үйге қайтуды ойластырсаңыз дұрыс болардеген сыңайда. Бәкеңнің сын сағаттағы мына сөзі әлі есімде: «Елшілікқызметкерлерін жанұяларымен Отанға қайтарып жатырмыз, мұндағы студенттерімізбен туристеріміз тағы бар, олардың амандығы менің мойнымда. Ал мен үшін уайымдама.Міндетімді ойдағыдай орындап жатсам, соңғы болып оралармын».

Күнделікті өмір ағымында дипломаттардың жұмысы көзге оншабайқала бермейді. Бұқаралық санада елдер арасындағы игі көршілестік пенынтамақтастық өздігінен болып жатқандай сезіледі. Жоғары деңгейдегі сапарлармен екі не көпжақты келісімшарттардан бастап іскер топтар мен қатардағыазаматтардың байланыстары да үйреншікті тәжірибе көрінеді. Шын мәнісінде,аталған үрдістерге жан бітіріп, ел мен елді, халық пен халықты жақындастырыпотырған дипломаттар. Бахтияр Тасымов та осындай жауапкершілігі мен тәуекелі зоржұмыстарды абыроймен атқарған тұлағалардың қатарында тұруы әбден орынды. Сондықтанқазақтың бірегей баласы – Тасымов Бахтияр Сардарбекұлына лайықты баға беру,оның есімін мектеп пен көшелерге беріп ұлықтау асыл ер, ұлағатты ұстаз, парасаттыдипломатқа деген құрметіміздің ең азы болмақ.

РасулЖұмалы 

Тегтер: