Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:46, 09 Шілде 2020

Дарақылық па, надандық па?

Аспанды отқа ораған Астана әкімдігі халықтың көңілін көтермекші болыпты

Қазір «Атың шықпаса – жерөрте» деген мәтел де әдірем қалған сыңайлы.

Оны елорда күніне орай, жердіқойып, аспанды отқа орап, отшашу жасаған  астана әкімдігінің әрекеті дәлелдей түскендей.

     Бірақбұл әдемі шара қазіргідей қиын-қыстау сәтте шектен шыққан дарақылық пеннадандықтың көрінісі ретінде ел көңілінен шыға қоймады.  Өршіп бар жатқан дертке дауа таба алмай,дәріхана кезіп, әйтпесе дерттің шеңгелінен құтыла алмаған жақындарын жерлепжатқан елдің аспанға қарап, отшашуды тамашалауға уақыты да, көңіл күйі де жоқ.

     Елорда әкімдігі шенділерінің әрекеті еларасында қандай ашу-ыза тудырғанын сипаттап жатпай-ақ қояйын, халықтың шынайыілтипатына бөленген жезтаңдай әншіміз Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желідегіжазбасын келтірсем де жеткілікті болар. «Ненің құрметіне салют атылып жатыр?Коронавирусты жұқтыру бойынша бірінші орында тұрғанымыз үшін ұйымдастырылыпжатыр ма? Адамдар оттегі бар баллон таба алмай жатқан кезде астанада отшашуұйымдастырылып жатыр. Дәл осылай жалғастыра беріңдер, сонда келесі жылы тойлайтынадам қалмайды», – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

     Иә, әнші дұрыс айтады. Қазақстан әлемдегі елдер арасында коронавирустыжұқтырудан көш бастап қана қоймай, сонымен бірге карантинге қайта оралған  бірінші ел атанды. The New York Timesбасылымының мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада әлемнің басқа елдеріменсалыстырғанда  Қазақстанда коронавирусдертіне шалдыққандардың ең жоғары өсімі байқалып отыр. Басылым дайындағанақпараттық графикада Қазақстан, Австралия, Парагвай, Малави, Хорватия, Намибияжәне Ботсвана сияқты бірнеше елдің аумағы қызыл түспен белгіленген. Қазіргітаңда бұл елдер ең қауіпті статистиканы көрсетіп отыр. Атап айтарлығы, Қазақстандадертті жұқтыру бірнеше есе жоғары, ол аз болса, дерт біртіндеп көбеймей, күрткөтеріліп кеткен.

      Соған қарамастан, «ұялған тек тұрмас»дегендей, елорда әкімдігінің мәдениет басқармасы «отшашуды халықтың көңіл күйінкөтеру үшін және коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдаумақсатында аттық» дегенді алға тартыпты. Айтуларынша, қала күніне арналғанотшашу жыл басында жоспарланған. Оны демеушілер алып берген көрінеді. Осы орайда,атап айтарлық дүние, бізде бас қаламыздың туған күніне арналып белгіленгеншаралар қатып қалған қағида іспетті.

    Ал әлемде70 жылға жуық тарихы бар дүниелер биыл дәстүрін жалғастырған жоқ.  Мәселен, осы жылдың сәуір айындаҰлыбритания патшайымы ІІ Елизавета  өзінің94 жылдығына орай берілетін дәстүрлі отшашуды жасамау туралы өтініш білдірді.Өйткені әлемді пандемия жайлап тұрған қиын кезеңде оны орынсыз деп есептейтінінайтқан. Монарх құрметіне берілетін отшашу жыл сайын21 сәуірде жасалатын және ол мерекелік шаралардың ажырамас бөлігі саналатын-ды. ІІ Елизавета патшалық құрған 68 жылішінде отшашу үздіксіз жасалып келген еді. Бұл да тектіліктің белгісі шығар. Албізде…

 Қайрат МАТРЕКОВ

Тегтер: