Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:47

«Дәрігерлер босандыру үшін 20 мың теңге сұраған»: Жамбыл облысында жаңа туған нәресте шетінеп кетті

дәрігер
Фото: из открытых источников

Жамбыл облыстық перинаталдық орталықта босанған әйелдің нәрестесі бірнеше сағаттан кейін шетінеп кетті. Марқұм баланың туыстары медицина қызметкерлерін немқұрайлық танытты деп айыптап отыр.

Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Гүлім Оразбаева жүктіліктің 41-аптасында аудандық перзентханаға түскен. Жағдайы қалыпты болғанымен, дәрігерлер баланың ірі екенін айтып, оны облыстық орталыққа жолдаған. Алайда күйеуінің сөзінше, облыстағы мамандар бір апта бойы нақты шара қолданбаған. Тіпті кесарь тілігін жасау үшін медбикелер 20 мың теңге сұрағаны айтылады.

«Сенбі күні 20 мың теңге бергенде, әйелім сол күні босанар еді. Ақшаны кезекші дәрігерге қалдырған», - дейді Ермұхан Әмреев.



35 жастағы әйел ауыр жағдайда босанып, нәресте жарық дүниеге келген соң бір жарым сағат өткенде шетінеп кеткен. Қазір бала өлімі мен медициналық қызметкердің ақша талап етуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы да қызметтік тексеріс бастаған.

Тегтер: