Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:15, 05 Мамыр 2025

"Дәрігерлер дәрменсіз": Сара Назарбаеваның жағдайы ауыр

Сара Назарбаева
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы, қоғам қайраткері Сара Алпысқызының денсаулығы нашарлап, ауыр хәлде жатыр.

Дереккөздің бойынша, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға қауқарсыз. Соңғы уақытта Сара Алпысқызы жұртшылықтың көзіне көп түспей кеткен еді. Белгілі болғандай, ол "Назарбаева" деген фамилиясынан бас тартып, қыз кезіндегі тегі – Қонақаеваны қайта қолдана бастаған.

Сара Қонақаева 1941 жылдың ақпан айында Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы болашақ президент Нұрсұлтан Назарбаевпен шаңырақ көтеріп, үш баланың анасы атанды. Бірақ оның қоғамдық рөлін бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми кездесулерде жиі көрсетуге тырысушылық болмады. Мәселен, 2015 жылы Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесуге Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік серігін емес, қызы Дариға Назарбаеваны ертіп барған.

Сара Алпысқызының ел көзінен алшақ жүруінің себебі кейін белгілі болды – бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемуарларында жазған. Онда ол: "Жүрекке әмір жүрмейді – ол басқа адамды қалаған", – деп шынайы сезімдері туралы ашық мәлімдеген болатын.

Соған қарамастан, Сара Қонақаева Қазақстанның қоғамдық өміріне өз үлесін қосты. Ол "Бөбек" халықаралық балалар қайырымдылық қорын, сондай-ақ "SOS – Қазақстанның балалар ауылдары" қорын құрды. Балалардың тұлғалық дамуы мен рухани тәрбиесіне айрықша мән беріп, еліміздің білім беру жүйесіне өзін-өзі тану пәнін енгізуге бастамашы болды. Бұл пән балалардың ішкі жан дүниесін тануына және адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруіне бағытталған еді. Алайда, кейін бұл пән оқу бағдарламасынан алынып тасталды.

Қоғамда Сара Алпысқызын ресми түрде "бірінші ханым" ретінде танығандар аз болғанымен, оның қайырымдылық саласындағы еңбегі мен балалар тағдырына деген жанашырлығы халық жадында сақталып келеді.

Қазір Сара Алпысқызының денсаулығына байланысты нақты ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Бірақ қоғамда және БАҚ арасында оның хәліне алаңдаушылық артып келеді.