Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:07, 16 Ақпан 2024

«Дәрігерлер тексеруге келмеді». Қостанайлық әйел екі жасар ұлынан айырылып қалды

ларингит
Фото: из открытых источников

Қостанайлық Мақпал Баймұхаметова есімді әйел екі жасар баласынан айырылып, қайғыдан қан жұтып отыр. Ана баласының өліміне облыстық балалар ауруханасының қызметкерлерін кінәлап отыр.

Екі жасар бала ларингитпен жұқпалы аурулар бөліміне түсіп, ертесі 20 желтоқсанда жансақтау бөлімінде көз жұмған. Дәрігердер балаға пневмония мен жүрек жеткіліксіздігі диагнозын қойған.

Баланың қызуы көтеріліп, ата-анасы облыстық ауруханаға жатқызған. Анасының айтуынша, ауруханада түнгі уақытта баланың жағдайын дәрігерлер тексермеген. Тек медбике келіп укол салып кеткен. Келесі жолы рентгенге түсіргенде, оның өкпесі таза екенін көрсеткен. Бірақ баланың жағдайы күрт нашарлайды.

Тексеруге келген реаниматолог баланың жағдайының ауыр екенін, оны жансақтау бөліміне жатқызу керектігін айтады. Жансақтау бөліміне жеткізілген бала араға екі сағатты салып, көз жұмған.

Аурухана тергеу жүріп жатқанын алға тартып, жағдайға қатысты түсінік беруден бас тартты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың ата-анасына көңіл айтып, сынақтың объективті нәтижесіне үміттенеді.

Облыстық балалар ауруханасында екі жасар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.