Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:45

Дархан Сатыбалдының бұрынғы орынбасары Бостандық ауданын басқарады

 Азамат Қалдбеков
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Азамат Қалдыбеков Бостандық ауданының әкімі болып тағайындалды.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Азамат Қалдыбеков Бостандық ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Ильзат Акчурин хабарлады.

«Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Бостандық ауданының әкімі қызметіне Азамат Қалдбеков тағайындалды», - деп мәлімдеді Акчурин дүйсенбі күні.

Қызмет жолы

Азамат Қалдбеков 2024 жылдан бері Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін, 2020–2024 жылдары ол Алатау ауданының әкімі, ал 2019–2020 жылдары Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы мен Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.