Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
03:26, 03 Қараша 2020

Дәрі-дәрмек мәселесі шешілді

None
None

Шымкент қаласында стационарлық көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

Жалпы сомасы 7,21 млрд. теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісімшарттар жасалған. Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті.

-        Бірыңғай дистрибьютормен дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар 6,2 млрд. теңге көлемінде жеткізілді. Бұл 85,9% құрайды. Бүгінгі таңда, медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры қалыптастырылды,- деді ол.

Қалалық әкімдік резервінен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында  дәрі-дәрмектердің 5 атауы бойынша сатып алуға 180 млн.теңге бюджет қаражаты бөлінді.

Дәріханалар, дәрі-дәрмектер қоры мен бөлшек сауда бағаларының сәйкестігіне мониторинг жасалуда. Бүгінгі күні қаланың дәріханаларында COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер қоры бар.

Тұрақтандыру қоры шеңберінде бөлшек саудаға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға дәріханалар айналымына және қорларын толықтыруға қосымша тағы қаржы бөлу жоспарлануда.

Тегтер: