Дәріден шыққан дүрбелең
«СК-Фармация» сенделтті, әкімдер, сенің неңкетті?!
Қазір біздің елде «мылтықсыз майдан» жүріпжатқаны даусыз.
Коронавирус елді меңдеп, індетті жұқтырғандар саны 55 мыңнанасып кетті. Статистикаға ілінбей, үйінде өзін-өзі емдеп жатқандардың саны дабаршылық. Бүгінде халық арасында «емханаға барсаң, табытпен шығасың» дегентүсінік мықтап орнады.
Жалпы, үкімет коронавируспен күреске 6 триллион теңгешығындады. Бұл – 13 миллиард долларнемесе жалпы ішкі өнімнің 8 пайыздан астам көлемі. Қазір бұл қаржыға қосымша тағы 150 млрд теңге бөлінді. Есептей білгенгебұл өте қомақты сома. Ал енді бюджеттен бөлінген қаржы осынша қомақты бола тұра,ел неліктен тиісті медициналық қызметке қол жеткізе алмай отыр? Ендеше, талдапкөрелік.
Дертке дауақайда бар?
Соңғы екі апта халықтың аласұрып дәрііздеуімен есте қалды. Тіпті іздеген дәрісін таппағандар билікті сынап, шенеуніктерді сыбап,сілікпесін шығарды. Ақырында үкіметтен қайыр жоғын білген ел әлеуметтік желілерарқылы чаттар ашып, жоқ дәрісін біріне-бірі іздеп тауып беріп, өзге қалалардандәрі алғызып, жан сақтауға көшті. Дәріханалардағы ұзын-сонар кезек, дертінедауа таппай сенделген ел қандай әрекет жасарын білмей дал болды. Қазақтың талаймарқасқа азаматтары дәрінің жоқтығынан, медицина мамандарының тапшылығынан,емханаларда орынның болмауы салдарынан бақилық болды. Бұл көріністер елдегітұтас медицина саласының «жансақтау бөлімінде» жатқанын дәлелдеп берді. Өзкезегінде біз «індеттің шырқау шыңына дайынбыз» деп, есеп беретіндердің өтірігінашып берген тұс та осы болды. Ыстықты басатын, құны 80 теңге тұратын парацетамолдәрісінің тапшылығы, аспирин, дестамектазин, цефтриакицон дәрілерінің жоқтығыхалықтың үрейін үдетті.
Әкімхалыққа жақын ба?
Осы тұста Алматы қаласының әкімі БақытжанСағынтаев: «Сұранысқа иепрепараттарға деген қажеттілікті тұрақтандыру үшін 1 шілдеден бастапдәріханаларға 475 мың дана әлеуметтік маңызы бар препараттар, соның ішінде 260мың дана парацетамол, 98 мың дана аспирин, 35 мың дана ингавирин, 22 мың дана азитромицин, 15 мың данакардиомагнил және басқа да дәрі-дәрмектер түсті. Сондай-ақ дәріханаларға 30 мыңтермометр қойылды. Қоймаларда әлеуметтік маңызы бар 645 мың дәрі-дәрмек, соныңішінде 301 мың аспирин, 84 мың кардиомагнил, 73 мың парацетамол, 42 мыңибупрофен, 26 мың амоксиклав және басқа да дәрі-дәрмектер бар. Күн сайынқаладағы 105 дәріханаға дәрі-дәрмектер жөнелтіледі. Бірақолар тез сатылып кетуде. Десе де, іркіліс болмайды. Шілде айының соңына дейін1,2 млн аспирин, 930 мың парацетамол, ибупрофеннің 350 мыңы, ингавириннің 100мың қаптамасы, 80 мың азитромицин, 40 мың тамифлю және басқа да әлеуметтікмаңызы бар дәрілер жеткізіледі.Қаланыңдәрі-дәрмек нарығында дүрбелеңге жол жоқ. Жағдай бақылауда. Құқық қорғауоргандары жұмыс істеп жатыр. Алыпсатарлар жазаланады», – деген пікір білдірді.
Бұлпікірді Алматы қаласының әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында 8 шілде күніжариялады. Бірақ содан бері бір апта өтсе де, қаладағы дәрі-дәрмек дүрбелеңі әлітыйыла қойған жоқ. Қарапайым халық қоғам белсенділерінен көмек сұрап, шыбынжанын сақтап қалу үшін басын тауға да, тасқа да соғып әлек. Ал біздің қаланыңатқарушы билігі «барлығы бақылауда, дүрлігуге негіз жоқ» деген сөзінен танбай,елді таңғалдыруда. Нақ қазір атқарушы биліктің бұл қылығы халықтың жайына Айдыңарғы бетінен қарап, бейқам отыратын жанның тірлігіне қатты ұқсайды. Осыдан-ақ«біздегі жергілікті биліктің өзі жағдайды сырттай бақылап қана отыр ма, әлде қоғамдашынымен не болып жатқанын білмей ме» деген заңды сауал туындайды. Мұндайда ескішапанын киіп алып, халықтың арасына кіріп, жағдайды көзбен көріп, шешімқабылдайтын ежелгі билердің даналығы еріксізеске түседі. Ал біздегі сырбаз әкімдер өзі немесе көмекшісі оқиға орнына барып, жағдайға қанығамын десе, қолдары ұзын,мүмкіндіктері бар ғой. Бірақ әзірге бірде-бір әкімқара дәрі тапшылығына қатысты«жағдай мүшкіл, халықты сақтап қалу керек» деп, дабыл қаға қойған жоқ. Үкіметтен,әкімнен қайыр күтпеген ел бүгінде өзара асарлатып, өкпені жасанды желдететін аппараттарғақаржы жинап, оны қоғам белсенділері арқылы сонау Түркия елінен елге жеткізугежанын салып жатыр. Осылайша ел әдеттегідей өз жарасын өзі емдеуге жанын салуда.
Ел сенген «СК-Фармация»
Негізінде, бір бұл емес, дәрі-дәрмектапшылығы, бұл саладағы дау-дамай бұған дейін де орын алған болатын. Осымәселелердің алдын алу үшін үкімет 2009 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқатқоры» АҚ құрылымында «СК-Фармация» компаниясын құру туралы шешім қабылдады.
«СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің100 пайыз қатысу үлесін иемдену және пайдалану құқықтары денсаулық сақтауминистрлігіне берілді. Бұл серіктестіктің міндетіне: тегін медициналықкөмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрі-дәрмек заттарын сатып алу жөніндегіашық сауда-саттық ұйымдастыру; тиісті дистрибьюторлық тәжірибелер жәнеҚазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, дәрі-дәрмек құралдарын,медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды ұйымдастыру; мемлекеттік медициналықұйымдарға дәрі-дәрмектердің және медициналық мақсаттағы бұйымдардың логистикасыүдерістерін ұйымдастыру; бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және жеткізушілогистикасы үдерістерін біріктіру үшін айналым, тауарлық қалдықтар туралыөзекті ақпарат алу үшін ақпараттық жүйе құру жұмыстары енді. Осы сәттен бастапбіз компанияға сендік. Енді елдегі фармацевтика саласына жаңашылдық еніп,жағдайымыз біршама жақсарады деп үміттендік. Тіпті 2019 жылы «СК-Фармация –Адалдық алаңы» деген жобамен жұмыс істеп, «жемқорлыққа жол бермейміз» дегенде, «бәрекелді»деген болатынбыз. Дегенмен ел сенген «СК-Фармациямыз» қазіргідей мылтықсызмайданда дәрі тапшылығын қолдан жасап, қолдағы бар дәрілер мен елге келгенгуманитарлық көмектерді таратуға ерінгенсыңайлы. Бұл ретте «СК-Фармация» жұмысына көңілі толмаған президентҚасым-Жомарт Тоқаев компания басшысы Берік Шәріп пен Әлеуметтік міндеттімедициналық сақтандыру қорының төрағасы, «әйеліне көлік әпергіш, атақтыбай-манап саналған» Айбатыр Жұмағұловты қызметінен өзі алып тастады. Ендігі көпшілік қауым «жауапты сәттежауапсыздыққа жол бергендер тек орынтақтарымен қоштасып қана қоймауы керек, олартиісті жазаларын алуы тиіс» деп отыр.
«СК-Фармация»не дейді?
Бізге пікір білдірген «СК-Фармация» ЖШС-нің баспасөз қызметі: «Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен гуманитарлықкөмекті бөлу бойынша бірыңғай оператор болып белгіленген «СК-Фармация» ЖШСтөтенше жағдай кезінде елімізге келген гуманитарлық көмекті қабылдап, денсаулықсақтау министрлігінің келісімі бойынша өңірлер арасында біркелкі бөле отырып,рұқсат қағазын қалыптастырады және қайырымдылықтан түсетін тауарлардытасымалдауды қамтамасыз етті. Алайда 2020 жылдың 11 мамырында төтенше жағдайрежимінің аяқталуына байланысты гуманитарлық көмекті бөлу жөніндегі оператордыңқызметі де тоқтаған. Ал Катардан жіберілген гуманитарлық көмек Қазақстанға 2020жылдың 21 мамырында келген болатын. Бұл кезде «СК Фармация» ЖШС өз қызметінтоқтатқан еді. Оның үстіне, Катардан келген медициналық бұйымдарға ілеспеқұжаттар, сондай-ақ медициналық бұйымдарды бір жолғы әкелуге рұқсатты ресімдеуүшін қажетті тауардың сапасын растайтын құжаттар – міндетті рұқсат беру құжатыұсынылмаған, онсыз елде медициналық бұйымдарды қолдануға рұқсат етілмейді. Медициналықбұйымдарды бір жолғы әкелуге рұқсат 2020 жылдың 25 маусымында алынды, ал 2020жылдың 4 шілдесінде денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «СК-Фармация» ЖШСгуманитарлық көмек алу бойынша оператор болып қайта белгіленді. Гуманитарлықкөмек ретінде алынған барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін медициналықбұйымдар өңірлер арасында біркелкі бөлінді. Қазіргі уақытта олар Бірыңғайдистрибьютордың қоймаларында және денсаулық сақтау басқармаларына жөнелтугедайын. Сақтау қоймалары бейнежазба жүйесімен жабдықталған, қабылдау кезіндемедициналық ұйымдар алынған тауарды қатаң тексеріп, жүкқұжаттармен салыстырады,жауапты тұлғалар қабылдау-тапсыру актілеріне қол қояды», – деп өзін-өзіақтап отыр.
P.S: Қалай десек те, дәрімен қамтуы тиіс серіктестіктің халықты сеңсоққандай сенделтіп жібергені рас. Бұған қабаттасып жергілікті әкімдер түйткілдітүйінді шешіп, дабыл қағудың орнына үкіметке«бәрі қалыпты» деп есеп беруден танбайды. Былайша айтқанда, бұлардың дымыкетпеді. Екі ортада зардап шеккен қарапайым халық қиындықпен бетпе-бет келіп сансырапқалды.
Өзімізге белгілі болғандай, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігі 7 шілдеден бастап «СК-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққабайланысты тексерісті бастады, олтексеру 31 шілдеге дейін жалғасады. Біз бұған дейін де аталмыш мекемеге тексерулержүргізіліп, бұрынғы басшыларының миллиардтарды қымқырған фактілері жарияболғанынан хабардармыз. Антикоррупциялық агенттік осы жолғы тексеру барысындамәселенің ақ-қарасын анықтап, «дәрі-дәрмек дүрбелеңінің неден басталғанын ашықжария етіп, жауапсыздар тиісті жазасын алады» деп сенгіміз келеді. Ал осы арадажергілікті әкімдіктер де айналасында не болып жатқанына шынайы көзбен қарап,халықтың жоқ-жітігін қамтып, қиындықтан шығудың ұтымды механизмдерінұйымдастыра білсе дейміз…
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ