Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:37, 03 Қыркүйек 2021

Дәрігер балаларға жасырын вакцина салынады деген қауесетке жауап берді

None
None

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева балаларға манту сынағының орнына жасырын түрде коронавирусқа қарсы вакцина салынады деген қауесетке жауап берді, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

 

«Бірінші сынып оқушылары манту сынағын алуы керек (туберкулез микобактериясына антиденелер болуын тексеру сынамасы. — ескерт.). Бірақ ата-ана балаларына коронавирусқа қарсы вакцина рұқсатсыз салынады деп қорқып, бұдан бас тартады», — деді журналист әкімдікте өткен брифингте

«Жыл сайын қыркүйекте бірінші сынып оқушыларына БЦЖ (туберкулезге қарсы вакцина. — ескерт.) ревакцинациясы жүргізіледі. Бүгінде барлық мектеп дайындалып жатыр, тізімдер жасалады және бұл акция жыл сайын толық көлемде жүргізіледі. Бүгінде қалада балаларға арналған вакцина жоқ, сондықтан бұл — негізсіз», — деп түсіндірді Жанна Пірәлиева.

Тегтер: