Дәрігер сауыққаннан кейін пайда болатын омикрон белгілерін атады
Дәрігер Энн Мэри омикрон жұқтырған науқастарда бел ауруы «дельта» штамын жұқтырған науқастарға қарағанда әлдеқайда жиі пайда болатынын және ауру жиі мазалайтынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Омикрон жөтелді, безгекті, дәм мен иісті жоғалтуды тудыруы мүмкін екені айтылды. Дегенмен, инфекциядан кейін кей адамда сақталатын екі ерекше белгі бар: бел ауруы және бас айналуы.
«Жаңа мутация ауыр миалгиямен (бұлшықет ауруы) қатар жүреді», — деді Энн Мэри.
B.1.1.529 коронавирус мутациясы, сондай-ақ омикрон штамы ретінде белгілі, қарашаның аяғында Ботсвана мен Оңтүстік Африкада анықталған. Ғалымдар пікірінше, геномдағы көптеген өзгеріс бұл түрдің жоғары тасымалдағыштығын және қорғаныс антиденелеріне төзімділігін көрсетеді.