Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:38, 09 Шілде 2020

Дәрігер симптомсыз және симптомы аз науқастарға үйде қалай емделу керектігін айтты

Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Қарабаева Раушан Жомартқызы короновирус инфекциясын жұқтырған симптомсыз және симптомы аз науқастарға үйде қалай емделу керектігін айтып берді.

 

— Симптомы жоқ және симптомы қатты байқалмайтын науқастар үйінде емделуі керектігі жөнінде айтып жатырмыз. Соған сәйкес олар өзін-өзі емдеуде. Дәрігерлер мұндай пациенттердің емделу тәртібін қадағалап отыруы тиіс. Коронавирус инфекциясының аз симптомды формасына вирусқа қарсы, антибактериялық, антитравмалық дәрі-дермек тағайындауды қажет етпейді. Бұл пациенттер қорғану режимінде ем-дом жасауы тиіс. Ағза құрамында ақуызы көп тағамды қабылдағаны дұрыс. Оларға жиі сусын ішу, С, D дәрумендері тағайындалды. Дене қызуы көтерілген жағдайда, оны төмендететін препараттар – парацетамол және ибупрофен. Сонымен қатар бүйрек аурулары бар науқастар, әсіресе, бүйрегінда тасы бар адамдар КВИ кезінде С дәруменін көп дозада қабылдағанда сақ болуы қажет. Егер де дене қызуыңыз 38 градустан асып кетсе, ағзаның улану симптомы, бұлшық еттің ауыруы, әлсіздік, кеуде қуысының ауыруы сезілсе, бас ауруы, жөтел болса, дәрігердің көмегіне жүгініп, демікпенің асқынуына жол бермеу керек, — дейді Раушан Қарабаева<span style=«font-size: 14px;» font-size:14px;"="">.

Тегтер: