Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:44, 14 Қараша 2022

Дәрігерлер 3 айлық қызымызды өлтірді!- Жамбыл тұрғыны осындай мәлімдеме жасады

None
None

Оный айтуынша, емханаға сау барған нәресте бірнеше сағаттан соң дәрігерлердің қолында шетінеп кеткен, деп хабарлайды Жас Алаш  Экспресс К.

-ға сілтеме жасап. 

Сәбидің анасының әпкесі әлеуметтік желіге бейнежазба  жариялап, қайғылы оқиғаның қалай болғаны туралы айтып берді. Оның сөзінше, шақалақ түнде мазасынданған. Сол себептен келесі күні оны туыстары Меркі аудандық емханасына алып барыпты. Дәрігер қызды қарап, қанын тексеру керек екенін айтқан. Туыстарының сөзінше, қан тамырдан сынама алмақшы болған медбике тамырды таппай, баланы әбден қинаған.

Үлкен инемен ары-бері тығып, таппай қойған. Бұл кезде бала шыңғырып жылапты. Кейіннен көгеріп, тынысы тоқтап қалды. Біз айқай көтерген соң бір дәрігер қызды қолына алып, реанимацияға жүгірді,

— дейді шағымданушы.

Жақындарының айтуынша, дәрігерлер нәрестеге диагноз қоя алмай, түрлі болжамдар айтқан. Тіпті өкпені жасанды желдету аппаратына әрең қосқан көрінеді. Болмаған соң, Тараздан тиісті мамандар шақыртылыпты. Алайда нәресте олар келерден 30 минут бұрын шетінеп кеткен екен.

Қыздың 2 рет жүрегі тоқтап, қайта соққан. Үшіншісінде мәңгілікке тоқтады. Енді дәрігерлер қыздың ауру болғанын айтып, жалған сөйлеуде. Аурухана басшылығы бәріне өзімізді кінәлап жатыр. Қабылдауға келмеген, қаралмады деп өтірік айтуда,

— дейді нәрестенің туыстары.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбаева әлеуметтік желіде нәрестенің неден қайтыс болғаны жөнінде ақпарат жариялады. Оның айтуынша, қайтыс болған нәресте 2 күн бойы ауырған. Туыстары оны дәрігерлерге көрсетпеген, 3 айлығына дейін мамандардың қабылдауына әкелмеген көрінеді.

Баланы алғаш қабылдаған сәтте жағдайы ауыр болған. Тыныс алуы қиындап, жүрек-қан тамыр жүйесі зақымданған. Кейін белгілі болғандай, сәбидің миына қан бармай қалған,

— дейді ол.

Бұл оқиға бойынша Меркі аудандық ауруханасына арнайы комиссия жіберіліпті. Комиссия мүшелері бәрін тексеріп, тиісті қорытынды шығармақшы. Ал нәрестенің жақындары болса дәрігерлер жалған сөйлеп отыр дегенді айтады. Сондықтан, олар полицияға арызданған. 3 айлық қызынан айырылып қалған отбасы қалайда әділдікке жетеміз деп отыр.

Тегтер: