Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:15, 02 Тамыз 2021

Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

None
None

Елордалық дәрігерлер қала ауруханаларындағы қазіргі жағдайға алаңдап, тұрғындарға үндеу жасады.

"Өткен тәулікте ғана инфекциялық стационарларға 178 адам жатқызылды. Төсек-орын бірден толып кетті. Әр екінші науқасқа оттегі концентраторы қажет, олар инвазивті емес желдету құрылғысына немесе жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", — дейді жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлері.

Дәрігерлер вакцина алмаған, санитария талаптарын елемейтін, салтанатты іс-шараларға қатысып немесе ұйымдастырған науқастар көбіне ауыр жағдайда түсетінін айтты.

2 тамыздағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының инфекциялық стационарларында 2 903 пациент жатыр. Реанимацияда — 260 адам, жасанды тыныс алу аппаратында — 40 пациент. Қазіргі уақытта COVID-19-бен күресу үшін қалада 16 стационар және 6 мыңнан аса медицина қызметкері жұмыс істейді.

Тегтер: