Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:41, 26 Қараша 2025

«Дат» газетінің бұрынғы бас редакторы Нұртаза Қадырниязов ұсталды

Нұртаза Қадырниязов
Фото: ашық дереккөз

Қарағандыда саяси партия құру жөніндегі жиын барысында белсенділер ұсталды.

 Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлауынша, 24-25 мамырда Қарағандыда «Дат» газетінің бұрынғы бас редакторы Нұртаза Қадырниязовтың бағдарламасы талқылануы тиіс болған. Бұл туралы белсенді Абзал Достияр Facebook-тегі жазбасында хабарлады.

Бағдарламада жер сату, тіл мәселесі, жас отбасыларға баспана беру және саяси тұтқындардың жайы қарастырылуы керек еді.

Алайда полиция 18 адамды ұстап, оларға қатысты әртүрлі шаралар қолданған.

Қадырниязов соңғы рет журналист Қойшыбек Мүбаракқа сұхбат беріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимді, сондай-ақ елге шамамен бір миллион қытай азаматы кіргені жөнінде пікір білдірген.

Нұртаза Қадырниязов бұрын «Дат» газетінің редакторы қызметін атқарған. Ол сондай-ақ атом электр станциясын салуға қарсы шыққан адам ретінде де белгілі.