“Дау шешілді ме?”: Зеленский мен Трамп Римде бетпе-бет кездесті

Трамп пен Зеленский Рим Папасының жерлеу рәсімі кезінде кулуарда өте нәтижелі кездесу өткізді.
Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Ченгтің айтуынша, қосымша мәліметтер сәл кейінірек жарияланады.
Мемлекет басшылары бір-біріне қарама-қарсы отырып, Әулие Петр базиликасында қысқа кездесу өткізген. Кейін оларға Макрон мен Стармер қосылды.
Ал Зеленскийдің баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың айтуынша, кездесу шамамен 15 минутқа созылған.
– Жақсы кездесу болды. Бір-бірімізбен бетпе-бет отырып, көп тақырыпты талқыладық. Барлық айтылған мәселелерден нәтиже шығатынына үміттенеміз. Халқымыздың өмірін қорғау, атысты толық әрі сөзсіз тоқтату, соғыстың қайталануына жол бермейтін сенімді және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату — басты мақсат. Бұл өте символикалық кездесу болды, егер ортақ нәтижеге қол жеткізсек, тарихи оқиғаға айналуы мүмкін. Рақмет, президент Дональд Трамп! – деп жазды Украина президенті өзінің Telegram-арнасында.