Даудың басы – доңыз

Осыданқырық жылдай уақыт бұрын түрлі сырқатқа шалдығып, ем таппай жүрген жандардың басымкөпшілігі Павлодарға қарай ағыла бастады.
Оған себеп бойына қасиет дарыған,көріпкелдік қабілеті бар, емші Үміт апа қажының шипасы мен батасын алу еді.Бүгінде елімізге етене таныс емшінің жатқан жері – Мичурин ауылындағы Үміт апакешені облыстың сакралды орындар географиясына еніп, киелі мекенге айналған-ды.Алайда дәл осы аумаққа аймақтағы ірі кәсіпорын доңыз фермасын салып, талпақтанаудың санын көбейтпек. Бұл жобаға жергілікті жұртшылық наразы болғанымен,билік қос қолдап құптап отыр.
Павлодардағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Рубиком»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі доңыз өсіріп, шұжық өнімдерін дайындап,оларды ішкі және сыртқы нарыққа жеткізумен айналысады. Аталмыш компания осыдан10 жыл бұрын Павлодар ауданына қарасты Үміт апа және Мичурин ауылдарының қақортасына доңыз фермасын салып алған еді. Осы уақыт аралығында талпақ танаудыңсаны көбейіп, сұранысқа ие болып, әжептеуір табыс әкеле бастады. Тасы өргедомалаған кәсіпкер енді бұл ферманы одан әрі кеңейтіп, тағы 1200 аналық өсірмек.Бірақ онсыз да қолқаны қабатын күлімсі иістен тұншығып отырған тұрғындар бұғаннаразы. Ал бұл ауылда тұратын 200-ден астам адамның жанайқайын құлаққа ілер ешкімжоқ.
Үміт апаның қызы, сол елді мекеннің тұрғыны БақытРахметоллақызы жергілікті жұртшылықтың өтініш-пікіріне ешкімнің назараудармайтынына налиды. «Рубиком» басшылығы карантинді сылтауратып, онлайн түрдеөткізген қоғамдық тыңдаудың өзі дұрыс ұйымдастырылмапты. Тұрғындарғахабарландыру тым кеш таратылғандықтан, 200 тұрғыннан тек екі адам ғана қатысып,«жалғыздың үні шықпастың» кері болған. «Кәсіпорын өкілдері тұрғындардың доңызфермасының кеңеюіне әу бастан қарсы екенін жақсы біледі. Неше рет бұл ферманыңбасшылығымен бетпе-бет кездесіп, мәселені таразыға салуға ұмтылғанымызбен,кеудемізден итеріп, сөзімізді құлаққа да ілмеді. Енді аяқасты қоғамдық тыңдауөткізе салып, көзбояушылық жасады. Тұрғындарға алдын ала ескертілсе, барлығыбірдей қатысып, өз пікірін білдіріп, қарсылықтарын танытар еді. Содан сескендіме, әйтеуір, қоғамдық тыңдауын апыр-топыр өткізіп, құтыла салды», – дейді БақытРахметоллақызы.
Жұртшылықтың бұлайша шыр-пыр болуы тегін емес. Сакралдыорындар қатарына енген Үміт апа кешеніне жыл сайын мыңнан астам адам келеді.Дәл осы кешеннің бауырына тағы доңыз фермасы салынар болса, мұнда адам түгіл,мал аяғын баса қоймас. Себебі қазірдің өзінде талпақ танаудың иісінен кеңтыныстау мүмкін емес.
Үміт апа ауылындағы мешіттің бас имамы Ермұрат қажыБейсембин киелі жерді былғауға болмайтынын алға тартады. «Былтыр Үміт апазиратының маңы абаттандырылып, кіреберіс жол жөнделіп, қуанып қалып едік. Албиыл «Рубиком» кәсіпорны фермасын кеңейтетіні туралы хабар қуанышымызды сусепкендей басты. Қазірдің өзінде доңыз иісінен далаға шығу мүмкін емес. Оларғатағы 1200 талпақ танау қосылып, фермадан шығатын қи-қоқыс Үміт апа кешенініңмаңына үйілсе не боламыз?! Жыл сайын емшіге тәу етіп келетін жұртшылыққа қайбетімізбен қараймыз?» – дейді ол.
Ауыл тұрғыны Сәдібек Әлжанов ферма кеңейсе, жұртшылықтыңмал жаяр жайылымы тарылатынын алға тартып, содан қауіптенетінін айтты. Бұл ойдыбасқалар да қостады. Онсыз да төрт түлікті бағар жерге жарымай отырғанда, кеңсарайдай кешен салу қисынға келмейтін дүние. «Мал жаятын жер болмаған соң, ауылдатұрудың не керегі бар? Сасық иіс тағы бар. Шыны керек, үйімізге қонақ шақыруданда ұяламыз. Бұлай жалғаса берсе, көшіп кетуден басқа амалымыз қалмайды», – дестікөпшілік.
Ауылдағы ағайынның жанайқайына мойын бұрар «Рубиком» жоқ.Олар «екі қойың – бір сом» дегендей, бет бақтырмай отыр. Жобаға қатысты пікірінбілмек болып хабарласқанымызда, айтқан уәждері «жаңа ферманың пайдасы болмаса,зияны жоқ» дегенге сайды. «Мичурин ауылдық округіндегі фермада биоқауіпсіздіктолығымен сақталады, сондықтан мұнда иіс жоқ деуге болады. Кешеннен шығатынқалдықтар белгіленген нормадан асқан емес. Қазір дайын ғимарат қалпына келтіріліп,жаңа өндірістік нысандар салынуда. Олар Мичурин ауылынан үш шақырым, Үміт апаауылынан бес шақырым жерде салынады. Ол жерде тұрғын үйлер де, спорттық, ойыналаңдары да жоқ. Облыстың бас санитарлық дәрігері жаңа жобаның барлықнормативтік талаптарға сай келетіні жөнінде құжатқа қол қойды. Сондықтан малбазасы салынып, доңыз саны көбейеді», – деді кәсіпорын өкілдері.
Шенеуніктер де бұл жобадан анау айтқандай зиян көріпотырмаған сияқты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, доңызкешенінің үш модулі кезең-кезеңмен іске қосылады. 1200 аналыққа арналғанбазадағы доңыздардың әрқайсысы жылына 11 торай тапса, үш модульдегі талпақтанаулардың саны бір жылда 87 мыңнан асып жығылады. Сонда киелі елді мекенкүлімсі иісті ауылға айналары анық.
Тіпті атқамінерлер жаңа кешеннің ашылуы жергіліктітұрғындарды жұмыспен қамтуға, аз қамтылған отбасыларға көмектесуге керек деп,жобаның «маңыздылығын» айшықтап көрсетуде. Алдын ала болжам бойынша, келесіжылы пайдалануға берілетін кешенде 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. АлҮміт апа ауылының тұрғындары «бұл елді мекеннің бірде-бір азаматы онда жұмысістеуге бармайды, одан да аш отырғанымыз артық» деп отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасықабылданғанына қарамастан, қарапайым халықтың сөзіне құлақ асар билік те,бизнес те болмай, әбден амалы таусылған ауылдықтар енді мемлекет басшысына хатжазып, араша сұрауға бекініп отыр. Одан басқа амал жоқ.
Мәриям МАҚСАТ
Павлодар облысы