Дәулет Ниязбеков: Токиода жеңілгім келмейді
Қыркүйекайында астанада күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы үшкүміс, төрт қоламен қорытындылады.
Өкінішке қарай, қазақ балуандары әлемдікдоданың алтынын иеленбегелі жиырма жылдан асты. Келесі жылы Токио олимпиадасыөтеді. Елімізде өткен әлемдік дода осы төртжылдықтың басты додасы қарсаңындабіраз сұрағымызға жауап тауып береді деп сенген едік, сол сеніміміз толықақталмаған сияқты. Елорда кілемінде 65 келісалмақ дәрежесінде күміс жүлде иеленген еркін күрес балуаны Дәулет Ниязбековпенсұқбатымыз осы турнир төңірегінде өрбіді.
– Дәулет, елімізде өткен әлем чемпионатына іріктеу құрамаішінде де өте тартысты болған сияқты...
– Биылғы Қазақстанчемпионатында жеңімпаз атандым. Одан кейін Азия чемпионатына дайындық жасапжүрген кезде ауыр жарақат алып қалдым. Белім мен мойнымды қатар жарақаттапалдым. Азия біріншілігіне бара алмайтынымды бапкерлерге бірден ескертіп айттым.Уақыт беруін сұрадым, өз-өзіме келіп алуым керек деп шештім. Менің орныма Азиядодасына Саятбек Оқасов қатысып, вице-чемпион атанып қайтты. Бұл ораза уақытыеді, бір жарым ай уақытым болды. Бұған дейінгі жарақаттарды талай біліктідәрігерлерге көрсеткен едім, бұл жолы өз күшіммен емделуге тырыстым. Қаттыіздендім. «Жарақаттың кесірінен Токио олимпиадасына қатыса алмаймын ба? Осыжерден тоқтадым ба?» деген ой шырмады. Омыртқаны емдейтін арнайы орталыққабардым, бірақ екі күн ішінде олардың толық емдей алмайтынына көзім жетті. Ақылсұрап, Орталық әскери спорт клубындағы бапкерім Олег Ушановқа бардым. Ол кісібұрын дәл менікіндей жарақатынан жазылған еді. Олег ағай бір шағын емхананыңнөмірін берді. Он күндей сонда қаралдым. Ораза уақыты бітіп кеткен еді, бірайым босқа өткеніне қынжылғаныммен, осы емханадағы он күнім күтпеген жақсынәтиже берді. Дәрігер менің басты қателігімді анықтап берді: нақты ауыратыннүктені тауып алып, сол жерге күш түсіре берген екенмін. Содан омыртқам артқақарай қисая бастапты. Дәрігер он-он күннен үш рет, бір ай ішінде омыртқамдытүзеді. Сол кісінің рұқсатын алып, жаттығуға кірісіп кеттім. «Тау самалы»кешеніне өз қалауыммен барып, он күн жаттықтым. Содан кейін құраманың жиынынаоралдым. Әрине, мынадай жарақаттан соң әлем чемпионатында күреске түскім келді,бірақ Әсет Серікбаев бастаған бапкерлер құрамы маған ондай мүмкіндік бере қоятынынасеніңкіремедім. Кисловодскіде (Ресей) жиын өткіздік, сосын Польшадағы турниргетарттық. Кисловодскіде құрама бапкерлері Саятбек екеумізге: «Кім Польшадажоғары нәтиже көрсетеді, сол әлем чемпионатында күреседі», – деп шарт қойды.Қызықты қараңыз, Польшада Оқасов екеуміз де қола жүлде алдық. Елге келдік те,төрт күннен кейін екеуміз қайта күрестік. Бапкерлер үш белдесуде қайсымызқатарынан екі рет жеңсек, соған жол ашатынын ескертті.
– Таңдау мейлінше әділ болған екен ғой.
– Қазіргі уақыттықұрамада бәрі әділ болып жатыр. Сол әділдіктің арқасында құрамадағы ауызбірлікте жоғары деңгейде. Атмосфера өте жақсы. Бетпе-бет кездесуде Саятбекті екі ретқатарынан жеңіп, елімізде өтетін әлем чемпионатына жолым ашылды. Ары қарай тағыекі жиынға қатысып, турнирге нақты дайындалдым. Осы кезде ғана олимпиадағажолдама ұтып алуға болатынына сенімім артты.
– Әлем біріншілігіне қандай межемен кірістің? Алтынды ғанакөздедің бе?
– Шынымды айтсам, әубаста Токио олимпиадасына жолдама алуды ғана ойладым. Спортшы өзінің дәрежесінбіледі. Ең бастысы, бабымның өте жақсы екенін сезіне бастадым. Белдесу сайын неөсіп отырғаныңды, не кері кетіп бара жатқаныңды шамалайсың. Мен осы жолы өсіпотырғанымды аңдадым.
– Алғашқы үш қарсыласыңды еркін еңсердің. Тайпейлік Чаң ЮХсюан, германиялық Александр Семизоров, моңғол Төмөр Очирин Тулга екпініңешыдай алмады. Семизоровпен белдесуде қажетті ұпайды алған соң, сәл босаңсыпқалғандай көріндің...
– Семизоровтыбұрыннан білемін. Бұған дейін ол 70 келіде күресетін. Тіпті біздің АқжүрекТаңатаровпен де белдескен. Салмақты көп қуады. Соны жадыма түйдім де, алғашқыкезеңде ұпайдың қанша болғанына қарамастан, Семизоровты шаршатып алуғатырыстым. Есеп 8:7 болып жатқанда тағы күш салып, бірнеше ұпайды қатариелендім.
– Моңғол балуаны ше? Әдетте моңғолдар қарымды келеді ғой...
– Польшадағы турнирдеТулганы 10:4 есебімен жеңген едім. Сондықтан оның қандай ерекшелігі барын жақсыбіліп күрестім. Балуандардың денесі кәдімгідей «бағдарламаланып» қалады, яғникүрескен қарсыластарыңның машығын біліп алады. Тулганы жеңетініме сендім,Семизоровтан кейін өзімде өрлеу барын білгесін, тартына күресуге болмайтын еді.
– Бұл бұған дейін өзің өнер көрсеткен Ыстамбұл, Лас-Вегас,Будапешт емес, өзіміздің астана. Өз жанкүйерлеріңнің қолдауы қалай әсер етті?
– Тайпейлік Чаң ЮХсюанмен белдесуге ортаға шыға келгенімде, бүкіл «Барыс-Арена» шу ете қалды!Лажы болса, көрермендерге қарамауға тырыстым. Аспанға қарадым, «өзімді жоғалтыпаламын ба?» деп қорыққандай болдым. Қысым өте зор болды.
– Бұған дейін қатысқан бес әлем чемпионатында да мұндайқысым көрмедің бе сонда?
– Иә, дәл солай.Өмірімде мұндай болмаған. Шетелде күрессең, мұндай қолдауды сезінбейсің.Жергілікті балуанға қолдау көрсетеді, саған психологиялық қысым жоқ. Ал – негізгі тұлға біз. Жұрттың қолдауына еріпкетсең, өз-өзіңді жоғалтып алуың мүмкін.
– Жартылай финалда бұрыннан таныс үнді балуаны Бажраң Пуниатап келді. Онымен сен 2016 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатында алғашқыбелдесуде жолығып, жеңілген екенсің...
– Иә, БудапешттеПуниадан жеңілгенім рас. Бірақ сол жолы алтынға қатты ұмтылып едім. Бабымкеремет болды. Жасым да, тәжірибем де толысып тұрған кезең еді. Бірақ санамалтынға дайын болғанмен, денем дайын болмай шықты. Пуниадан жеңілген себебім десол. Ал Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатына Пуниа танымал балуан ретінде келді.Бір жыл бұрынғы әлемдік додада ол финалда күрескен еді. Үнді балуанына қарсы өзтактикаммен шықтым. Яғни бапкерлер құрған жоспардан сырттадым, басқашакүрестім. Бапкерлер маған «шыға салып жұмыс істе» деген еді, ол ақылдыұстанбадым.
– Неге?
– Пуниа – дене күшіөте көп балуан. Ешқашан шаршамайды. Сондықтан бірінші кезеңді 2:2 немесе 0:1 сияқтыаз есеппен бітіру қажет деп түйдім. Жоспарым толықтай іске асты, алғашқыкезеңді 2:2 есебімен аяқтадым. Күшімді сақтап, көп ұмтылғаным жоқ. Екінші кезеңбастала салысымен қарқынды арттырдым. Ұпай жинай бастадым. Бажраң мені көтеріпалып лақтыруға тырысқанда, оң қолымды оң аяғының ортасына салып,тепе-теңдігімді жоғалтпай, оның үстіне түстім. Төрешілер маған бірден төрт ұпайберді. Үнді бапкерлері осы ұпайлардың әділ берілмегенін айтып, челлендж жасады,бірақ ереже мен жақта болғандықтан, аса қорқа қоймадым. Бірақ қорқыныш басқадаеді: мен білетін Пуниа соңғы минутта қарқынын күшейтіп, ұпайын көбейте береді.Содан қауіптендім. Тағы екі-үш ұпай жинап, жеткізбеуім керек еді. Соңғы екіминутта тамаша мүмкіндігім болды, қарсыласымның екі аяғын буып ұстап алғасын,айналдыруым керек-ті. Бірақ «жеңіс қолымда» деп сеніп қалдым ба, аунатаалмадым. Пунианың басты ерекшелігі – сол аяққа жақсы өтеді, қолтықтан шебераунатады. Сол айласына тағы түсіп қалдым. Пуниа ұпай санын теңестірді, бірақмен қатарынан төрт ұпай алғанымды жадымда ұстадым да, соңғы ұпайды қарсыласымалғанына қарамастан, таразы басының өзім жағында екенін ұмытпадым. Есеп 9:9болды. Төреші ысқырығы естілгенде, сегіз жыл күткен үлкен жеңісімнің эмоциясыбойымды кернеп алды. Секірдім, қатты қуандым. Кейін жазбадан қайта қарапотырып, өзім сәл қысылып та қалдым.
– Финалда ресейлік Қажымұрат Рашидов саған соқыр ұпайұстатпай жеңді. Есеп – 0:11. Жалпы, алтын алуға не жетіспеді? Күні бұрынкүйіп-жанып кеттің бе?
– Бұл жердегі бастыкінә – өзімде. Рашидов мені таза жеңетіндей аса мықты балуан емес. Өзім декүйдім-жандым дей алмаймын. Бірақ денем өзіме бағынбады. Жартылай финалдаПунианы жеңген соң, күшімді қалпына келтіру үшін көп тамақтанғанмын. Кешкісінтаразыға тұра қалғанда, төрт келі қосып алғаным белгілі болды. Негізінен,шешуші сын алдында салмақтың өскені де дұрыс. Күшің көп болғаны жақсы. Ментехникалық шеберлігі аса жоғары балуан емеспін. Менде намыс пен күш,еңбекқорлық бар. Оны мойындау керек. Күшім жоқ болса, елу пайыз жеңіліптұрғанымды сеземін. Содан салмақ қудым. Таңертеңгі финалға сақадай сай болғымкелді. Алайда «қайтсем де олимпиада жолдамасын иеленемін» деген психологиялықжүк санама ғана емес, денеме де ауыр болған сияқты. Таңертең денем өзімдікіемес сияқты болды да тұрды. Сонда да: «Дәулет, мұндай мүмкіндік енді сенде болама, болмай ма? Бір жылдан кейін олимпиадада күресесің, сонымен болды. Осы жолыалтынға қолыңды созбасаң, енді қайталануы неғайбыл. Өмір бойы өкініп өтесің», –деп жігерлендірдім. Рашидов алғашқы минуттарда бес ұпай алған соң, мен екі ұпайалуға жанталастым. Өйткені есеп айырмасын сәл қысқартсам, ары қарай күресужеңілдеу болар еді. Бірақ Рашидов мүмкіндік бермеді.
– Биыл отыз жастасың. Қазір олимпиада жолдамасы қалтаңдатұр. Токио-2020 олимпиадасында өзіңнен не күтесің?
– Жүлде күтемін.Лондон олимпиадасында жүлде қолымда тұрғанда, жартылай финалда ресейлікОтарсұлтанов жұлып әкетті. Енді олардан тартып алуым керек. Менің жеңілгімкелмейді. Токио олимпиадасында жеңілсем, күреске өмір бақи тоймай кететінімдіішім сезеді.
– Қазақ балуандары әлем чемпионы атанбағанына биыл жиырмабір жыл толды. Өзімізді балуан ел санаймыз. Қазақ балалары қашан әлемчемпионатының алтынын тағынып, тұғырда әнұранымызды тыңдап тұрады?
– Оны айтасыз, еркінкүрестен әлі бір де бір қазақ балуаны әлем чемпионы атанған жоқ. Сіз айтыпотырған соңғы алтынды 1998 жылы «классик» Бақтияр Байсейітов иеленді емес пе?Мен де қашан әлем чемпионы шығатынын білмеймін. Дегенмен Нұрқожа Қайпанов (70келі), Дания Қайсанов (74 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) сияқты мықты жігіттерөсіп келеді. Соларға сенемін. Балуандар бұл мәселеген бас қатырмайды дейкөрмеңіздер. Бас қосқан сайын соны айтамыз, өзімізді жігерлендіреміз. Бұлбалуандарға ғана байланысты нәрсе десек, қатты қателесеміз. Күрес өнерінкеремет дамытып жатқан елдердің бәрінде бір балуанның соңында бапкері,массажшысы, психологі бар төрт-бес адам жүреді. Бізде жиырма бес балуанға –небары төрт адам… Әрине, кезінде олимпиадада, әлем чемпионаттарында дарашыққан Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіровтің заманымен салыстырғанда, қазір зорілгерілеушілік бар. Бірақ біз қазіргі күйге тоқмейілсімей, дамыған елдергеқарап бой түзеуіміз қажет. Олар қандай жетістікті ұстанып, қандай жағдайдажаттығады, соған жетуге ұмтылғанымыз жөн.
Сұқбатты көшіріп басуға болмайды!