Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:46, 07 Тамыз 2023

ДДҰ әлемде тырысқақ індетінің таралуына алаңдап, дабыл қақты

None
None

2023 жылдың басынан бері тырысқақ індеті 25 елде тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9-ға көп.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша, әлемде бұл аурудың одан әрі таралу қаупі жоғары.

«Жедел індеттердің санын және олардың географиялық таралуын, сондай-ақ вакциналар мен басқа ресурстардың жетіспеушілігін ескере отырып, ДДҰ жаһандық тәуекелді өте жоғары деп бағалап жатыр», — делінген ДДҰ мәлімдемесінде.

ДДҰ Батыс Африкадағы жаңбырлы маусымды тырысқақ індетіне ықпал ететін фактор ретінде, сондай-ақ әдетте Оңтүстік Американың оңтүстігінде, Америка Құрама Штаттарының оңтүстігінде, Африкада және Орталық Азияда жауын-шашынның көбеюіне әкелетін Эль-Ниньо табиғи құбылысын атады.

ДДҰ деректері бойынша Эль-Ниньо тырысқақ індетінің динамикасын өзгертуі мүмкін, өйткені жауын-шашынның көбеюі, су тасқыны, дауыл, циклондар мен құрғақшылық таза суға тапшылық туғызып,  адам денсаулығына кері әсер етеді. Сонымен қатар, ол тырысқақ вибрионының таралуына ықпал ететін су температурасының жоғарылауын тудырады.

ДДҰ тырысқақ әсіресе Африкаға әсер ететінін атап өтті. Жыл басынан бері тырысқақ Африканың 14 елінде тіркелді.

Ауру Конго Демократиялық Республикасында, Камерун, Малави, Мозамбик, Сомали, Эфиопия және Оңтүстік Африкада және т.б.

Сирияның солтүстік-батысында 109 мыңнан астам тырысқақ ауруы тіркелді, осы елдің қалған бөлігінде 74 мыңнан астам адам, Ауғанстанда 98 мыңнан астам, Малавиде 58 мың, Гаитиде 55 мыңға жуық, Мозамбикте — 33 мыңнан астам науқас ауырған.

Айта кетейік, Тырысқақ (лат. cholera) – тырысқақ вибрионынан туындаған аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру қоздырғышы ағзаға ластанған тамақпен немесе сумен түскенде пайда болады.

Тегтер: