Декреттік төлемді жаңа әдіспен қалай оңай есептеуге болады

Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының өсуіне байланысты декреттік төлем де өзгерді. Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының өсуіне байланысты декреттік төлем де өзгереді. Қалай декреттік төлемді оңай есептеп, рәсімдеуге болады, бұл туралы Zhasalash.kz жазды.
Жүкті және босанған әйелдерге берілетін төлемнің үш түрі бар:
- босанғанға дейін берілетін жәрдемақы;
- босанған соң берілетін жәрдемақы;
- бала бір жарым жасқа толғанша берілетін жәрдемақы.
2024 жылғы жәрдемақы мөлшері артты, яғни
Жәрдемақының биылғы мөлшері, үш балаға дейін – 38 АЕК (140 296 теңге), төртіншіден әрі қарай – 63 АЕК (232 596 теңге) төленеді. Бала бір жарым жасқа келгенше берілетін жәрдемақының көлемі жұмыссыз және жұмыстан уақытша демалыс алған әйелдер үшін де әртүрлі боп келеді.
Үй шаруасындағы, жұмыс істемейтін әйелдерге мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының мөлшері 2024 жылы төмендегідей болып бекітілді.
- Бірінші балаға — 5,76 АЕК (2024 жылы ай сайын 21 265 теңге);
- Екінші балаға — 6,81 АЕК (2024 жылы ай сайын 25 142 теңге);
- Үшінші балаға — 7,85 АЕК (2024 жылы ай сайын 28 982 теңге);
- Төрт баладан әрі қарай — 8,90 АЕК (2024 жылы ай сайын 32 858 теңге).
Ал жұмысы бар, уақытша декреттік демалыс алған жандарға қанша жәрдемақы төленеді. Оны қалай есептеуге болады?
Декреттік төлемді қалай есептейміз?
Төлемнің көлемі жалақыңызға тікелей байланысты. Бұл ретте 1 жылдағы табысыңыз есепке алынады. Жұмысқа жарамсыздық парағы 123 күнге берілсе, коэффициент мынадай болады:
126/30=4.2
4.2х200=840
840-10%=756
Әйелдердің декретке шыққанға дейінгі орташа айлық мөлшері 200 мың тг. Коэффициент 4,2. Сонда әйелдің декреттік төлемі 840 мың болады, одан 10 пайыз мөлшерінде ұсталатын зейнетақы жарнасын алып тастағанда қолына 756 мың теңге алады деген сөз.
Бала бір жарым жасқа келгенше берілетін жәрдемақыны қалай алады?
Бала күтіміне байланысты табысынан айырылған немесе жұмыс істейтін әйелдерге 18 ай бойы жалақысына байланысты аударылыпы отырады. Декерттік демалысқа үш жылға шықсаңыз да, жәрдемақыны бір жарым жылдан кейін тоқтайды. Кейін қалауыңыз бойынша жұмысқа шыға аласыз немесе ақысыз демалыста отырасыз.
Мысалы, соңғы екі жылдың біріншісінде айлығыңыз 150 мың теңге, екінші жылы 200 теңге делік. Оны басқаша есептейсіз. Кейін алынған соманы 24 айға бөлесіз. 175 мың – табыстың орташа айлық көрсеткіші. Одан соң бұл көрсеткішті 0,4 коэффициентке көбейтіп, 10 пайызын алғанда 63 мың теңгеге шығады. Демек, балаңыз бірге келгенше сізге осынша қаражат түсіп тұрады.
Формуласы: 12х150 000+12х200 000=1 800 000
1 800 000+2 400 000=4 200 00
4 200 000/24=175 000
175 000х0,4=70 000х10%=63 000
Декреттік демалыс қанша күнге созылады?
Қазақстанда жеңіл босанған жағдайда декреттік демалысқа 126 күн беріледі. Атап айтқанда, босанғанға дейін 70 күн (жүктіліктің 30-аптасында) және босанған соң 56 күн деп есептеледі. Ал енді босанған кезде ауыр өтіп, кесарь тілігі жасалғанда не егіз, үшем болған жағдайда тағы 14 күн қосылады. Бұдан бөлек, ядролық сынақтар өткізілген аймақтардағыларға қалыпты жағдайда 170 күн, ауыр босанғанда не бір баладан көп бала туғанда 184 күн демалыс тағайындалады. Жаңа туған сәбиді асырап алған болсаңыз, бала өмірге келген күннен бастап санағанда 56 күнге еңбекке жарамсыздық парағын ашып, демалыс ала аласыз. Елімізде бала күтіміне байланысты демалыс ұзақтығы — 3 жыл. Осы уақыт ішінде жұмысқа ерте қосылсаңыз да ерік өзіңізде. Бірақ 3 жылға дейін үйде отырам деп шешсеңіз, штаттағы қызметіңіз сақталады. Сонымен бірге бала күтіміне байланысты демалысты әкелер де рәсімдей алады. Оны екеуара келісіп шешуге құқылысыздар.