Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:29, 13 Қыркүйек 2020

Демалыс орындары жасыл желекке айналды

None
None

Шымкент қаласында көпшілік серуендейтін нысандарда көріктендіру жұмыстары  жүріп жатыр.

Мәселен, Орталық стадиондағы балаларға арналған теміржол станциясына апаратын жолдағы аумақта абаттандыру мамыр айынан бері жүргізіліп келеді. Мұнда тасжол төселіп, аймақты көгалдандыру мақсатында 545 түп ағаш егілу жоспарланған. Қазір аймақ жасыл желекке айналды.

Жобада орындық, қоқыс жәшігі, көгал, жарық шамдары мен 46 тренажер орнату жоспарланған. Бұл салауатты өмір салтын ұстанатын қалалықтарға өте ыңғайлы аймақ болады. Өйткені онда жаяу жүргіншілер үшін жол түсіп, балаларға арналған демалыс орындары салынады. Нысан қыркүйек айында ел игілігіне берілмек.

Тегтер: