Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:31, 26 Қаңтар 2023

Демографияны осылай көтеру керек!

None
None

Ана капиталы – отбасыға қолдау көрсетудің мемлекеттік шарасы. Тұңғыш рет 2007 жылы Ресейде енгізілген.

Ана капиталы деген – нәрестенің өмір сапасын жақсарту мақсатында бала туғанда анаға берілетін бір реттік қомақты төлем.

Қазақстанда да көптен бері ана капиталын енгізу мүмкіндігі туралы әңгіме қозғалып келеді. Былтыр ма, мәжіліс депутаттары бала туғанда ата-анасына 4 миллион теңгеден төлеуді ұсынған болатын.

Шенеуніктердің сөзінше, 4 миллион теңге отбасының үй-жайын жақсартуға не қорын толықтыруға көмектесер еді. ЮНИСЕФ-тің статистикасына сенсек, елімізде балалардың 15 пайызы табысы өте төмен отбасыларда тұрады.

Бүгінгі кедей балалар – ертеңгі кедей мемлекет деген сөз. Ерлан Саиров кеше ғана мәжіліс депутаты болып жүрген кезінде атап өткендей, баланың қалыптасуына ең бірінші әрине, ата-ана жауапты. Бірақ мемлекет пен қоғамның рөлін де жоққа шығаруға болмайды.

— Балаларға ерте жастан салынған инвестиция, оның ішінде баланың тамақтануына, денсаулығын күту мен білім алуына жасалған жағдай ертең баланың әлеуметтік-қоғамдық өмірге бейімдігін арттырып, өмірде өз орнын табуына берік негіз қалайды. Бала есейгенде еңбек нарығында орнын тауып, салық төлеп, мемлекет пен қоғам үшін экономикалық құндылық болады», – деген еді Ерлан Саиров.

Экс-депутаттың ойынша, баланың балалық шағына инвестиция салынбаса, ол есейгенде бюджетке салмақ салады. Ондай балалар есеген соң жиі ауырады, жұмыссыздығы үшін  мемлекеттен жәрдемақы төлеуді талап етеді.

Қазақстанда ана мен отбасыларды қолдаудың бірнеше түрі бар. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін әлеуметтік жәрдемақылар мен әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан бөлінетін ақша бар.

Бала туғанда анаға 120 мыңнан 180 мыңға дейін жәрдемақы төленеді. Декреттік демалыстағы аналар ай сайын жәрдемақы алады. 2020 жылдан бері көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға балалары 18 жасқа толғанға дейін мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет жалғызбасты аналарға, даму ерекшелігі бар балалардың асыраушыларына азық-түлік себеті мен атаулы әлеуметтік көмек береді.

Бизнесмендер де қарап отырған жоқ. Обухов тау-кен байыту комбинаты өз қызметкерлеріне ана капиталын төлейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көрген әйелдерге декреттік төлем жасайды.

«Тиолайн» компаниясының атқарушы директорының ойынша, әрбір басшы бизнесін әлеуметтік бағытта құруы тиіс. Кәсіпкерлік халықтың қамын ойлап, экологиялық және мәдени мәселелерден де сырт қалмауы керек.

Обухов тау-кен байыту комбинаты Көкшетаудағы «Шанс» орталығы мен «Аналар үйіне» демеушілік жасайды. Ол жерге пана іздеп, қиын өмірлік жағдайда қалған аналар келеді. Ақшасыз, үйсіз, жұмыссыз қалған, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғандар. Ондай әйелдермен психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Аналар ондай орталықта жұмыс тапқанша немесе балалары балабақшаға іліккенше тегін тұра береді.

Виктор Иванович Долгалевтің пікірінше, балаға салынған инвестиция – дені сау, берекелі қоғамның кепілі. Обухов тау-кен байыту комбинаты өз жұмысшыларына ана капиталын төлейді және декреттік төлемдерді жүз пайыз көлемінде толық төлейді.

2023 жылдан бастап бірінші баласын туған жұмысшылар 1,5 миллион теңге алады. Екінші балаға 3 миллион төленеді. Төртінші балаға 4,5 миллион теңге төленеді.

Аналарға осылай қолдау көрсету тәжірибесі комбинатта бала туу көрсеткішінің өсуіне әкелді. Жалпы, «Тиолайн» ЖШС-ы – ТМД аумағында ірі көлемде ана капиталын төлейтін жалғыз кәсіпорын.

2021 жылы кәсіпорында 17 бала туды. «Тиолайн» ЖШС-ының қызметкері Дарья Цветцихтің сөзінше, Қазақстанда бала туудың орташа көрсеткіші 23,4 пайызды құрайды. Нигерияда 52 пайыз. Ал «Тиолайнда» 73 пайыз!

— Мұндай көрсеткіш әлемде жоқСауатты экономикалық саясат пен әлеуметтік қолдаудың арқасыБіздің жұмысшыларымыз ертеңгі күніне сенедіКәсіпорын қолдауын аямайтынын біледіБала туу бір мәселе. Сосын ол баланы өсіру керек, тәрбиелеу керек, жақсы білім беру керек, – дейді Цветцих.

2022 жылы Обухов тау-кен байыту комбинаты демографиялық көрсеткіштер бойынша рекорд орнатты. Кәсіпорындағы 28 жұмысшы дүниеге нәресте әкелді. Үш жұмысшының үй ішіне туған үшінші баласы үшін үш миллион теңгеден төленді.

Айнұр Абаева

Тегтер: