Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:30, 28 Сәуір 2022

Дене шынықтыру, спорт саласы назардан тыс қалмайды

None
None

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласында халықтың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету мақсатында әрі қазақ спортының дамуына елімізде арнайы заң қабылданғаны белгілі.

Осы орайда, нақты тапсырмалар беріліп, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Кейінгі 2-3 жылда еліміз әлемдік деңгейлерде спорт жағынан соңғы көрсеткіштерден көрініп келген болатын. Алайда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне спорт саласына қатысты жұмыстарды нық тапсырып, артылған жүкке жауапкершілікпен қарау жүгін нықтап тапсырған еді. Соған сәйкес жұмыстарды жүйелі жүргізу қолға алынған секілді. Мәселен, спортшыларымыздың әлем кубоктарынан жеңіспен оралып жатқандығы байқалады. Атап айтар болсақ, Бакуде өткен көркем гимнастикадан әлемнің әр мемлекетінен 14 команда қатысып, 8 үздік команда финалдан көрінген. Оның ішінде Қазақстан да бар. Спортшыларымыз әлем кубогынан топтық жаттығулар бойынша алға шығып, қола жүлдені иеленіп келді. Ал Азия чемпионатында өткен еркін күрестен қазақстандық спортшылар 8 медальді қанжығасына байлаған. Салмақ бойынша 86 келілік сынға түскен Азамат Дәулетбеков үндістандық Д.Пунияны жеңіп, Азия чемпионы болды. Сондай-ақ әлемдік кубоктардан қыздарымыз да жеңістің төрінен көрініп жүр.

Спорт саласының біржолға қойылғандығының арқасында қазір өңірлерде де жүйелі жұмыстар жүргізіліп, облыстық, аудандық мектептерде дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен оқушылардың арасында семинарлар мен арнайы спорттық жарыстар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Ал республика бойынша жыл сайын халықаралық, республикалық деңгейде спорттық іс шаралар мен жарыстар өткізіліп келеді. Тек өткізіліп қана қоймай, жеңімпаздарды шетелде өткізілетін халықаралық жарыстарға дайындап, шыңдап, қатысуына ықпал етеді. Сондай-ақ облыс, қала, аудан орталықтарында жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру мен спортқа баулу мақсатында спорттық үйірмелер мен жаңа жаттығу залдары, дене шынықтыру, сауықтыру орталықтары бой көрсетіп келеді.

Ал негізгісіне тоқталсақ, Қазақстанда 2014 жылы қабылданған «Дене шынықтыру және спортт туралы» белгіленген заңға сәйкес, паралимпиада, сурдлипиялық ойындарға қатысқан жүлдегерлер мен чемпиондарға, жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар мен 20 жылдық еңбек өтілі бар бапкерлерге ай сайынғы материалдық қамтамасыз етілетін қаржы мен паралимпиада, сурдлипиялық ойындарының чемпиондарын тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсетілген. Осындай көмектер алдағы уақытта да назардан тыс қалмай жүргізіліп отырса, спортшыларымыз ынталанып, болашақта әлі де әлемдік деңгейлеген жақсы нәтиже көрсетеміз деп үміттенеміз.

Тегтер: