09:41, 10 Қазан 2025
Денсаулық сақтау министрі Әлназарова 6 мың доллар тұратын сөмкемен көзге түсті
Әлеуметтік желілерде Денсаулық сақтау министрі Акмарал Әлназарованың суреті қызу талқыланып жатыр.
Пайдаланушылар министрдің қолындағы Fendi маркалы сөмкеге ұқсас бұйымды байқап қалған. Сондай-ақ оның аяқ киімі де Ferragamo брендін еске салады.

«Көпшілік министрдің $1 мың тұратын Valentino туфлиін талқылап жатыр, бірақ биыл қыркүйекте Нью-Йоркте түсірілген мына суретке мән бермей қалған. Мұнда министрдің қолында $6 мың долларлық Fendi сөмкесі бар», - деп жазды Threads қолданушылары.
Министр Әлназарованың өзі әзірге бұл жағдайға пікір білдірген жоқ.