Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:02, 26 Шілде 2023

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ең көп таралған қатерлі ісік түрін атады

None
None

Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы қазақстандықтар арасында ең көп таралған қатерлі ісік түрін атады.

Бұл туралы tengrinews жазды.

 2023 жылдың алғашқы 3 айында қазақстандықтар арасында ең көп таралған қатерлі ісік түрлері:

  • сүт безі қатерлі ісігі, 13 пайыз;
  • өкпе рагы, 9,4 пайыз;
  • колоректальды қатерлі ісік, 9,3 пайыз;
  • асқазан обыры – 6,9 пайыз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың 3 айында қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 67,5-ті құрады.

Сондай-ақ 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға төмендеген.

Бұған дейін біз Қазақстандағы ерлер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы, сондай-ақ ең жиі кездесетін өлімге әкелетін аурулар туралы жазған болатынбыз.

Тегтер: