Бүгін, 11:15
Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты
Нұрасыл Болат сот тағайындаған жазасын толық өтегендіктен босатылды.
Еске салсақ, 2023 жылғы 11 ақпанда Нұрасыл адвокаттар Олег пен Анна Черновтарды соққыға жыққан. Жәбірленушілердің айтуынша, олар Болат агрессия көрсеткен қызды қорғауға тырысқан.
2023 жылғы 9 қазанда әскери сот оны бұзақылық ниетпен денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, 1 млн 700 мың теңге айыппұл салған еді. 2024 жылы үкім өзгеріп, 2 жылға сотталған болатын.