Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:53

Депутат Дубайда пәтері бар шенеуніктерді тексеруді талап етті

Ерлан Сайыров
Фото: ашық дереккөз

4 наурызда Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Дубайдан пәтер иеленген қазақстандық шенеуніктердің шетелдегі активтеріне құқықтық баға беріп, жан-жақты тексеру жүргізу қажет екенін мәлімдеді.

«Елді басқара отырып, өзіңнің басқа мемлекетте тұруың адамгершілікке сыймайды. Бұл олардың халқына және еліне адал болмағанын аңғартады», - деді ол.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселеге Бас прокуратура міндетті түрде назар аударуы керек.

Еске сала кетейік, 1 наурызда журналист Манас Қайыртайұлы Иран зымыраны құлаған Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясында қазақстандықтарға тиесілі 97 пәтер бар екенін жазған еді.