Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:55, 28 Желтоқсан 2023

Депутат көлік кептелісін азайту үшін көшелерді ақылы етуді ұсынды

швшв
Фото: из открытых источников

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай көлік кептелісімен күресу үшін Қазақстанның кейбір көшелерін ақылы етуді ұсынды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Депутаттың айтуынша, жылына Қазақстанда жол апаттарынан 2 мың адам көз жұмады. Кейінгі бес жылда мыңнан аса жасөспірімнің ажалына жол-көлік оқиғалары себеп болған. Қазақстанда биылың өзінде 11 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Орталық Азияда бұл ең жоғарғы көрсеткіш.

“Өткен аптада автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың кесірінен аялдамадағы үш адам, соның ішінде 4 баланың ата-анасы – ерлі-зайыпты ұстаздар қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы мегаполистерде шешілмей келе жатқан бірқатар өткір мәселелерді көрсетіп отыр. Қоғамдық көліктерде қауіпсіздік мәселесі мүлде қарастырылмаған. Аялдамалардың көпшілігі тым жақын орналасқан. Мегаполистерде қоғамдық көлік тапшылығы аса өткір. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметі бойынша, 2030 жылға қарай Астанада халық саны 33 пайызға, яғни 1,7 млн адамға, Алматыда 20 пайызға 2,4 млн адамға, Шымкентте 1,5 млн адамға дейін өседі. Бұл ел халқының төрттен біріне жуық”, – дейді Жексенбай.