Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:42, 14 Маусым 2024

Депутат: Мәсімов Қаңтар оқиғасының шындығын айтса, рақымшылық жасау керек

Бапи
Фото: ҚР Мәжілісі

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен қаңтар оқиғасы туралы бар шындықты айтуды сұрайды.

«Мен Мәсімовті (Қаңтар оқиғасын) ұйымдастырушы деп ойламаймын. Сондықтан, егер ол қатты сөйлейтін болса, оған жұмсақ қарауға болады. Мысалы, ол Қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұйрықтарын орындауға мәжбүр болған болса... (қаңтар оқиғасына дейін Қауіпсіздік кеңесін Нұрсұлтан Назарбаев басқарды). Кәрім Мәсімов көп жылдар бойы премьер-министр және Назарбаевтың сенімді адамы болғанын атап өтемін. Ол өзінің жеке тапсырмасын орындап қана қоймай, тұңғыш президенттің жеке ісімен де айналысты. Мәсімов атақты «Қазақгейттен» кейін Еуропадан өз активтерін шығарып жатқан, сонымен қатар «Көне Қазақстанның» активтерін Оңтүстік-Шығыс Азияда, Қытайда, Шанхайда, Гонконгта және Әмірліктерде орналастыруға қатысқан. Егер Мәсімов барлық транзакцияларды әшкерелеп, оның орнына бостандық сұрайтын болса, оған рақымшылық жасау керек деп ойлаймын», - деді Мәжіліс алаңында депутат Ермұрат Бапи Orda.kz басылымына.

Бапидің айтуынша, Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасын ұйымдастыра алмаған. Сондықтан, Мәсімов қаңтардағы оқиғалардың барлық тізбегін көрсетіп, басты ұйымдастырушыны атауы керек.

«Бостандық толық емес шығар, бірақ белігілі бір дәрежеде беруіміз керек. Біз үшін оны түрмеде ұстаудан гөрі, тәркіленген мүліктер туралы ақпаратты анықтау маңыздырақ. Оның түрмеде болғанының халыққа пайдасы жоқ», – дейді Бапи.

Тегтер: