Депутат Руслан Қожасбаевтың ағасы Медеуде қонақүй салып жатыр

Алматының таулы аудандарында тағы бір құрылыс басталды.
Бұл жолы Горельник шатқалында — Медеу бөгетінің артында туристік база мен қонақүйді салу жоспарланып отыр.
Құрылыс алаңы жайлы:
– Қабырға мен шлагбаум арқылы әдеттегі жол мен Горельник визит-орталығына және «Apa Katya» кафесіне кіру шектелді;
– Қауіпсіздік қызметі және жұмысшылар танысуға түскендерге «Жұмбақ жол» атты жаңа жол бойынша жүруді ұсынады;
– Құрылыс алаңында жүк көліктері, экскаваторлар жұмыс істеп, темір конструкциялар салына басталған.
Құрылыстың рұқсаты бар ма? Алаңда екі түрлі құрылыс паспорты ілінген:
- «Eco resort» туристік базасын абаттандыру және көгалдандыру – 2025 жылдың маусымына дейін аяқтау жоспарланған.
Фото: Айдаралиева - Горная даңғылы, 546/1 учаскеде туристік базаны салу (сыртқы инженерлік жүйелерсіз) – 2027 жылдың қаңтарына дейін аяқталмақ.
Екі нысан да ТОО «SADU Development» тапсырысымен, мердігер ТОО «UE Power Engineering (Qazaqstan)» болып көрсетілген.Фото: Айдаралиева Компанияның жалғыз құрылтайшысы – кәсіпкер әрі спорт лоббисі Ерлан Қожасбай. Ол Горельник визит‑орталығын, Apa Katya кафесін және Jumbaq Jol жолын ұйымдастырушы ретінде аталады. Сонымен қатар оның Sadu Hotel Almaty, Sadu Arena Almaty, Sadu Hotel Moscow, Jan Dosym tennis club жобаларымен байланысы бар.
Ерлан Қожасбай – Amanat партиясынан Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаевтың үлкен ағасы. 2012 жылы Интерпол сұранысы бойынша ОАЭ-де ұсталып, 3 млрд теңге ұрлау күдігі бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. 2013 жылы залал қайтарылған соң босатылған.Осы кезге дейінгі сот шешімі жарияланбаған. Қазір ол - белсенді кәсіпкер, 6 баланың әкесі және Динара Сұлтанмен некеде.
Фото: ашық дереккөз 2025 жылғы 23 мамырда Ерлан Кожасбай премьер-министр Олжас Бектеновқа Горельник визит-орталын және туристік жобаларды таныстырған.
2020–2025 жылдары SADU Development компаниясы салық төлемдерінен 56,2 млн теңге аударған, соның ішінде тек 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында – 34,6 млн теңге аударған.