Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:17, 17 Сәуір 2024

Депутат су тасқыны кезінде жауапкершіліктен қашқандарды жазалауды ұсынды

а
Фото: из открытых источников

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов су тасқыны кезінде жауапкершіліктен қашқандарды жазалауды ұсынды.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың шалағайлығын жауапқа тартпаса жалғаса береді.

«Тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар. Дәлелімен айтсақ, Атырау облысы мен Құлсары қаласының маңынан заңсыз салынған су бөгеттері, жергілікті биліктің көктемгі су тасқынына әлсіз әзірленгені, сын сағатта абдыраған жұрттың әрекетін үйлестіре алмауы да осындай салдарға әкеліп соқты. Жергілікті билік пен жауапты министрліктер оған дейін дабыл қаққан әріптестерімнің депутаттық сауалдарына бей-жәй қарағаны да бұл апаттың бір себебі деуге әбден болады. "Бөренеден аттаймыз" деп есеп беріп, сіріңкеге сүріне беретін мемлекеттік органдардың шалағайлығы жауапқа тартпаса жалғаса береді ғой», - деді мәжілісмен депутаттық сауалында.

Фото: parlam.kz