Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 17 Маусым 2024

Депутаттар «Болашақ» бағдарламасының құқықтық мәртебесін Заңмен бекітуді ұсынды

Болашақ
Фото: Владислав Воднев

ҚР Мәжіліс депутаттары «Болашақ» бағдарламасына қатысты депутаттық сауал жолдап, Үкіметтен бірқатар шараларды қолға алуды сұрады.

Депутаттардың айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы көптеген Заң аясындағы актілермен реттелгендіктен, ол өз кезегінде құқықтық қиындықтар туындатуда. Сондықтан:

1. Болашақ бағдарламасының құқықтық мәртебесін арнайы Заң аясында Үкімет бекітуі тиіс.

2. Шетелде қорғалған диссертациялардың электронды банкін жасақтау қажет. Бұл ғылыми жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз етеді.

3. Тиісті мемлекеттік орган стипендианттарға ел экономикасына қажетті тақырып бойынша ғылыми жұмысын жазуға тапсырыс беруі қажет және оған кураторлық жасауы керек.

4. Оқуға құжат тапсыруды, кепілдікке қойылатын мүліктерді тіркеуді, тіркеуден шығаруды цифрландыру қажет. Бұл өз кезегінде ашықтықты қамтамасыз етеді, дейді олар.

Бүгінде Болашақ бағдарламасы бойынша 12 мыңнан астам маман даярланған.