Бүгін, 10:15
Депутаттар екі рет негізгі тағайындауларға келісім бермесе, Тоқаев Құрылтайды тарата алады
Сыртқы істер министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, бұл механизм Құрылтай екі рет негізгі тағайындауларды мақұлдамаған жағдайға қатысты.
Жобада Президенттің Құрылтайдың келісімімен төмендегілерді тағайындайтыны көрсетілген:
- вице-президент;
- премьер-министр;
- Конституциялық соттың 10 судьясы;
- Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі;
- Жоғарғы аудит палатасының 8 мүшесі.
Егер Құрылтай екі рет келісім бермесе, Президент оны тарату туралы шешім қабылдай алады.
Сәрсембаевтың сөзінше, мұндай механизм саяси күштерді келісімге келуге және жауапкершілігі жоғары шешімдер қабылдауға ынталандыруы тиіс.