Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:20, 20 Наурыз 2023

Депутаттар сайлауы: Алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды

None
None

 Мәжіліс сайлауының алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Жас Алаш.

«Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:

1. Amanat – 53,46%,

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,52%,

3. Respublica партиясы – 8,9%,

4. Қазақстан халық партиясы –6,25%,

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 3,22%,

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 7, 87%

7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,31%.

Қалған 4,47 пайыз респондент «бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.

Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтып, 230 мың сайлаушы қатысқан.

«Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді. Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтыды. Оның ішінде 124-і қалаларда, 76-сы ауылдарда орналасты. Сауалнамаға барлығы 230 мың сайлаушы қатысты. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1 пайыздан аспайды», — деді институт өкілі Айгерім Ергенболатқызы.

Тегтер: