Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:39, 17 Маусым 2020

Депутаттар Үкіметтен республикалық деңгейде карантин шараларын енгізуді сұрады

Мәжіліс депутатыМеруерт Қазбекова үкіметке республикалық деңгейде қосымша карантин шараларын енгізумүмкіндігін қарастыруды сұрады,-деп хабарлайды  «Жас Алаш».

 

 - «Ақ жол» фракциясыүкіметтің бірінші кезеңде коронавирустық пандемиямен күресу үшін жасағанкүш-жігерін жоғары бағалайды. Нәтижесі көптеген елдермен салыстырғанда пандемиядеңгейінің айтарлықтай баяулатты.  Ал осышектеулер жойылғаннан кейін инфекциялар мен коронавирусты өлім-жітімнің күртөсуі байқалды. Депутаттар пациенттерді ауруханаға жатқызудан бас тарту,фармацевтикалық орталықтардағы емдік процедуралардың орындалмауы және медицинақызметкерлерінің өздері үшін қорғаныс құралдарының жоқтығы туралы шағымдардыназарға алып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің елде клиникалар мен қорғанысқұралдарының жеткілікті екендігі туралы пікірлері тек сын тудырады. Өйткенішенеуніктер статистикаға жүгінеді, ал адамдар нақты басқа жағдайларға тап болады.Біздің азаматтарды мемлекет қорғауға міндетті, — деген Меруерт Қазбекова  Үкіметке  депутаттық сауал жолдады.

 Ол атап өткендей,адамдар көбінесе коронавирусты тексерудің жоқтығына шағымданады.

— Тіпті,Нұр-Сұлтанда да тест тапсыруға кезекке кем дегенде екі күн бұрын тұру керек,нәтижелері де уақытында берілмейді. Кезек туралы осындай хабарламалар Алматы,Шымкент, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістаннан келеді. Әрине, мұндайжағдайда  адамдардың мінез-құлқы үлкенрөл атқарды. Көпшілігі  қауіпсіздікталаптарын елемейді. Сондықтан біз ең қауіпті аймақтарда карантиннің күшейтілуінқолдаймыз, — деді депутат.

— «Ақ жол» фракциясы: симптоммен ауыратын барлықкоронавирус науқастарын ауруханаға жатқызу үшін шұғыл шаралар қабылдауды, қажет болғанжағдайда шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын тексеру және пациенттердітегін клиникаларға эвакуациялау үшін жедел жәрдем пойызын ұйымдастыруды,тұрғындар үшін жеткілікті тексерулерді қамтамасыз етуді, оның ішінде азқамтамасыз етілгендерді ақысыз тексеруді қамтамасыз етуді  қажет болған жағдайда республикалық деңгейде қосымша карантин шараларын енгізуді қарастырудысұрайды, — деп түйіндеді Меруерт Қазбекова. 

Тегтер: