Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:53, 27 Қаңтар 2021

Депутаттар зейнет жасын 60 жасқа төмендетуді ұсынды

None
None

Мәжіліс депутаты Александр Милютин зейнетақы жүйесін қайта құру қажет деп санайды.

Олар бұл туралы ұсынысын премьер-министр Асқар Маминге жолдады.

«Қазақстандықтардың денінде жалақының аздығынан зейнетақы жинағы жеткіліксіз. Біздің партия (ҚХП) бұрынғы зейнетақы жүйесіне қайта оралуды ұсынады. Біздің басты ұсынымыздың бірі — азаматтардың еңбек демалысына шығу жасын қайта қарау. Оны еңбек жағдайының күрделілігіне сүйене отырып есептеу қажет. Зейнетке шығудың жас шегін азаматтың жынысына қарамастан, 60 жасқа дейін азайту керек. Жұмыссыз жастар туралы маңызды мәселе туындаған жағдайда зейнетке шығу жасын кезең-кезеңімен көтеру мүлдем мағынасыз болып көрінеді», — деді Мәжіліс депутаты Александр Милютин.

Сондай-ақ депутат ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері орташа жалақыға тең болуы тиіс деп есептейді.

«Лайықты қарттыққа номиналды инфляцияны ескеріп қана қоймай, нақты тұтыну бағаларының өсу индексін, сондай-ақ жалақының өсу индексін ескере отырып, зейнетақыны жыл сайын индекстеумен нығайту қажет. Соңғы бес жылда зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары төмендеді. 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша олар 11 триллион 405 миллиард теңгені құрады, ал 2020 жылдың 1 маусымына дейін олар 11 триллион 388 миллиард теңгеге дейін төмендеді, яғни 17 миллиард теңгеге азайды. Халықтың зейнетақы жүйесіне әлсіз қатысуы, жинақтаудың өте төмен деңгейі тәуекелдерді одан сайын күшейе түсті, — деп қорытындылады депутат.

Тегтер: