Депутаттарды қамтамасыз етуге мемлекет 7,8 млрд теңге бөледі

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәжіліс пен сенат депутаттарының жұмысын қаржыландыру тәртібін түсіндірді.
Депутаттар мен олардың көмекшілерінің жалақысы персонал санына сәйкес есептеледі.
«Қазір мәжілісте 98 депутат, сенатта 50 депутат бар. Барлығы — 148 депутат. Олардың көмекшілері де бар. Сонымен қатар көлік шығындары сияқты қосымша төлемдер қарастырылған. 2026 жылға парламент жұмысына шамамен 7,8 млрд теңге бөлінген», - деді Бейсенбекұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы бір депутатқа жыл сайын орта есеппен 195 миллион теңге кететінін белгілі болған.
Курсивтің хабарлауынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша парламенттің (Сенат пен Мәжіліс) шығындары шамамен 29 миллиард теңге болған, яғни бір заң шығарушы орган мүшесіне орта есеппен 195 миллион теңге жұмсалған.
Соңғы он жыл ішінде парламенттің екі палатасының шығындары тұрақты түрде өсіп отырды, тек 2020 жылы коронавируспен күрес үшін бюджет оңтайландырылған. Инфляцияны есепке алғанда, соңғы онжылдықта шығындар 25%-ға артқан.
Егер 2015 жылы бір депутатқа есептелген шығын айына 70 миллион теңге болса, 2024 жылы бұл сома 195 миллион теңгеге жеткен. Салыстырмалы бағалар бойынша өсім 30%-ды құрады, ал депутаттар саны 154-тен 148-ге дейін азайды.