Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:40, 20 Қазан 2023

Депутаттарға жауап. ҰКҚ діни ахуалды мемлекеттік бағдарлама аясында реттейді

Дін
Фото: из открытых источников

Биыл қазан айының басында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты елдегі діни ахуалды көтеріп, депутаттық сауал жолдады.

Атап айтқанда, Қазыбек Иса, Ермұрат Бәпи және Аманжол Әлтай қатарлы халық қалаулылары елдегі діни теріс ағымдарға заң аясында қатаң тыйым салу қажете кенін айтты. Мәжіліс депутаттары халықты діни негізде бөлшектеу әрекеті күш алып кеткенін айтып, дабыл қақты. Қазақы түсінікке жат ағымдарға қарсы әр тұрғын күш біріктірмесек болмайды дейді олар. Ол үшін мемлекет тарапынан алдымен тиісті заң керек болады. Сол үшін депутаттар ел үкіметіне сауал жолдап, мәселені жылдам қолға алуға шақырды.

Кейінгі кезде елде діни ахуал шынымен асқынып тұр. Әсіресе әркім үшін қолжетімді әлеуметтік желіде әркім өз білгенін айтып, өскелең жас ұрпақтың санасын улап жатқаны рас. Тиісті заң талабы болмағандықтан, мұндай адамдарды немесе топты жазаға тарту да мүмкін емес. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмағандықтан, желіккен топ шектен шығып бара жатқан сияқты. Олардың ұлттық құндылыққа, мемлекеттік саясатқа қарсы уағыздары Қазақстан халқы үшін қауіпті болуы мүмкін. Жоғарыда аталған депутаттар осыны ескеріп, үкіметке сауал жолдап отыр.

Депутаттар сауалына жауап Ұлттық қауіпсіздік комитеті бей-жай қарамай жауап берді. Мемлекет тұрақтылығына жауапты басты мекеменің ресми жауабынан ұққанымыз, мемлекет бұл мәселені ерте қолға алған, бірақ әлемдік үрдіске сай, белгілі кезеңге кейінге шегеруге тура келген. Енді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өз жауабына кезек берейік. Қазақстан Республикасы 2018 жылдың өзінде елдегі діни қызметті реттеу жөніндегі заңға елеулі өзгеріс пен түзету енгізуге дайын еді. Бірақ Америка құрама штаттары мемлекеттік департаменті жасаған баяндамаға байланысты екі жыл бойы әзірленген жобадан бас тартып, парламенттен қабырғасынан қайтарып алған болатын.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Смағұлов мәжіліс депутаттарының сауалына осылай деп жауап берді. Ермек Смағұловтың айтуынша, биыл мәжіліс депутаттары көтерген «Теріс діни ағымдарға және діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты» мәселе бойынша заң жобасы жеті жыл бұрын дайындалып, мемлекеттік талқылауға шыққан, бірақ Америка тарапынан елге санкция салу қаупі туындағандықтан, заң жобасын іске қосу жұмысы тоқтатылған.

«Аталған мәселеге 2016 жылғы Алматы мен Ақтөбе қаласындағы белгілі террористік актілерді тергеу нәтижелерін ескере отырып, 2017 жылы ерекшеге назар аударды, өзекті түйін ретінде қарадық. Ұлттық қауіпсіздік комитеті сол кезеңде дін саласындағы мемлекеттік бақылауды арнайы заңнамалық тұрғыдан қатаңдату керек екенін қолдаған болатын», – дейді Смағұлов.

Аталған за жобасы бойынша «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңда діни бірлестіктердің жұмысына, миссионерлік, шетелде рухани-діни білім алуға, діни әдебиеттер айналымына және тағы басқа да діни қызметке мемлекеттік бақылауды қатаңдату туралы норма енеді деп жоспарланған болатын. Бұдан бөлек тұрғындардың «сыртқы атрибуттарды, діни киім-кешекті қоса алғанда теріс діни ағымдарға қатысты екенін айғақтайтын белгілерді нақтылау» арқылы, құзырлы органдардың мұндай әрекетке шектеу қоя алатын функцияларын қалыптастыру ұсынылған. Бір жылдан кейін, 2018 жылы аталған жобаны мемлекеттік органдар мақұлдап, парламент мәжілісінде таныстырды және халық қалаулыларының талқылауына жіберілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған заң жобасы қабылданып кетсе, ел азаматтары бұрыс діни ағымдарға қосылмай тұрып, оларды дер кезінде анықтап, радикалды теріс көзқарастан қайтарып алуға болады деп санаған.

Бірақ дәл сол жылы Америка құрама штаттары мемлекеттік департаменті «Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығы туралы» баяндама жасап, аталған заң жобасына теріс баға беріп, Қазақстанды «ерекше бақылаудағы» елдер тізіміне қосқаннан кейін, біздің билік елге саяси және экономикалық санкциялар салынуынан алаңдап, сол жылдың аяғыеда аталған заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыстарды тоқтуға мәжбүр болды, соған байланысты, тағы бір жылдан кейін, 2019 жылдың қаңтарында жоба парламент қабырғасынан қайтарылып алынды.

Үш жыл бойы ескерусіз қалған аталған заң жобасын былтыр, яғни, 2022 жылдың ақпан айында қазіргі Мәдениет және ақпарат министрлігі қайта өндіріске алғанын айта кеткен жөн. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл жұмысқа қолдау білдіріп отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы депутаттарға берген жауабында не үшін дәл қазіргі сәтте аталған жобаны қайта қарау қолға алынңанын нақты анықтап түсіндіріп берген жоқ. Дегенмен осы жолы еліміздің жеті жыл бұрынғыдай санкцияларға ұшырау-ұшырамай мүмкіндігін алдын ала ескеретінін еске салды.

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдегі бұрыс діни ағымдардың іс-әрекетіне заң бойынша қатаң тыйым салу әрекеті қауіпті жағдайларға алып келуі мүмкін екенін еске салады. Мұндай қауіп жоқ емес, мысалы ішкі фактор ретінде мына жайыттарды айтуға болады: біріншіден, қатаң заңға жауап ретінде теріс діни ағым өкілдері неғұрлым шешуі қимылдарға тәуекел етуі мүмкін; екіншіден, қатаң заң талаптарымен келіспеген жағдайда радикалды топ өкілдері үшінші бір мемлекетке көшіп кетуге бел бууы ғажап емес; үшіншіден, заң талабына сай радикалды көзқарасы үшін сотталған азаматтары саны артып, темір тордың ар жағында өз идеологияларын жүргізіп, жақтастарын көбейуі мүмкін. Мұндай қауіпті де естен шығармаған жөн. Бұдан бөлек сыртқы факторларды да естен шығармау керек. Мысалы, елдегі қатаң заңға қарсы шетелдік діни содырлар Қазақстанға көз тігу қаупі бар, бұдан бөлек шет мемлекеттер мен кейбір халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстан азаматтардың діни сенім құқықтарына қол сұғып жатыр деген айыптаулар мен түрлі сын күшеюі мүмкін. Бұл қатаң заң қабылдауға кері әсер ететін маңызды фактор.

Қазір елде діни ағымдарға қатысты нақты заң жоқ болғандықтан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша он сегіз зорлық-зомбылыққа қатысты акцияның алдын алды. Бұдан бөлек бес мың тоғыз жүз сегіз теріс діни ағым жетегінде жүрген азамат Қазақстан қоғамының қалыпты құндылықтары қатарына қосылды. Сондай-ақ түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген екі жүз тоқсан сегіз тұрғын бұған дейінгі радикалды көзқарасынан бас тартып, қалыпты көзқарасқа оралды. Былтыр, яғни, 2023 жылдың өзінде террористік көзқарас пен өзге де ауыр қылмыстар үшін сексен жеті азамат ұсталып, отыз алты радикалды түсініктегі тұрғын заң бойынша сотқа тартылды.

Еске сала кетейік, жоғарыда біз атаған бір топ мәжіліс депутатының дептаттық сауалынан кейін Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ханым елде «Дін туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ресми пікір білдірді, ол аталған заң қайта қаралатынын мәлімдеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми сауалдарға жауап беру барысында қоғамдық орындарда бетіне паранжа киюге заң бойынша тыйым салу туралы ұсыныстың мән-жайын түсіндіріп берді. Мемлекет башысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімдерімен кездесу барысында діни көзқарасқа қатысты таңдауды бала кәмелет жасына толған кезде өзі қабылдағаны жөн екенін ескерткен. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, елімізде хиджаб киіп, оны шешуден бас тартқаны үшін оқуға қабылданбай қалған оқушы жоқ екенін баса айтты.

Сөз соңында айтарымыз, кейінгі кезде елімізде теріс діни ағымдардың жетегіне кетіп жатқан азаматтардың саны күн санап өсіп жатқаны жасырын емес. Әртүрлі діни жат ағымдарды насиахаттаушылардың күн өткен сайын елде тамырын жайып келе жатқаны көзге ұрып тұр. Оларды түбірімен жоймасақ дәстүрлі дінімізді жоғалтып, мемлекеттік тұрақтылыққа кері әспер етуі ғажап емес. Кейінгі бірнеше жылдағы статистикаға қарасақ жан шошиды, діни ағым жетегінде кеткен, терорристік көзқараста жүрген жерлестеріміздің саны біршама өскен. Сол үшін мемлекеттік қауіпсіздігімізді, ұлттық тұтастығымызды, Тәуелсіздігімізді қорғау мақсатында мұндай ағымдармен қатаң түрде күресудің маңызы зор. Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтайдың айтуынша, бұл жағдайға кешенді түрде жан-жақты талдау жасап, ел болып бірігіп, қарсы қадам жасамасақ мұның соңы, салдары, зардабы өте ауыр болуы мүмкін. Тәрбиелеп отырған қыздарымыз бен ұлдарымыздан айырылып қалып жатырмыз. Сол үшін тез арада заң қабылдап, діни жат ағымдармен қатаң күрес жүргізу қажет.

ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса жат ағым өкілдері елімізде қоғамның әр саласында жүргенін айтты. Мысалы, оларды ән әлемінде, спорт саласында, айтыс өнерінде, тіпті билік органдарынан да кездестіруге болады екен. Олар ұлтты құндықты жойып, мемлекет тұтастығына қарсы күреті белсенді түрде жалғастырып жатыр. Депутаттар теріс діни ағым еліміздің біраз аумағында кең етек жайып бара жатқанын ескк салды. Олар діни ахуал асқынып тұрған аймақтарды атады. Атап атйқанда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау, Алматы өңірлерінде жат ағым өкілдері көбейіп барады, әсіресе базар саудасы төңірегінде теріс діни ағымдар идеясына табынушылар көбейіп кеткен дейді депутаттар. Сол үшін күн санап артып келе жатқан бұл қатерге тез арада тосқауыл қоймасақ кеш болуы мүмкін, үкіметке бұл мәселені қатаң бақылауда алуы қажет.

Қазақстанда дін туралы заң осыдан он екі жыл бұрын қабылданған болатын. Бірақ заң тұрғысында қатаң тыйым салу жөнінде талаптар болған жоқ. Соның салдарынан азаматтарымыз, әсіресе жастардың радикализмге және діни соқыр фанатизмге бет бұруы тыйылмай тұр. Жат ағымдар жетегінде кеткен жастар көбейіп барады. Оны бақылау шаралары бәсең, қатаң талап жоқ, мемлекет қабылдаған заң өте солқылдақ. Депутат осы жағдайларды ескертіп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ел үкіметіне депутаттық сауал жолдап отыр. Ал оған берілген нақты жауаптан білгеніміз, билік теріс діни ағымдармен күресті ешқашан тоқтатқан жоқ. Алда да қажетті шаралар қабылданады.

Тегтер: