Дерматолог маса шаққан жерді неліктен тырнауға болмайтынын айтты
Маса немесе кез келген басқа жәндіктер шаққан жерді тырнауға болмайды, дейді дерматолог-онколог Наталья Гайдаш.
Жазда табиғатқа шыққандардың барлығы дерлік жәндіктерден зардап шегеді. Маса шаққаннан кейін не істеу керегін біле бермейді. Дәрігердің айтуынша, көптеген адам автоматты түрде шаққан жерді тырнай бастайды немесе жараға жағу үшін дәрілік өсімдіктің қандай да бір түрін іздейді.
«Ешбір жағдайда шаққан жерді тырнамаңыз. Егер тырнасаңыз уын ағзаға таратасыз. Тырнау арқылы ағзаға инфекция енгіземіз. Қандайда бір дәрілікі өсімдіктерді де жағудың қажеті жоқ, өйткені бұл жараға инфекция енгізудің тікелей жолы», — деді Наталья ГайдашSputnik радиосына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, жараның инфекциясы жазылу уақытын бірнеше күннен бір айға дейін ұзартады.
»Қалыпты жағдайда сау адамның маса шаққан жері үш-төрт күнде жазылады. Егер адам шаққан жерді тырнаса, жазылу бір айға созылады », — деп ескертті дәрігер.
Ол алдымен шаққан жерді емдеуді ұсынды. Ол үшін таза су, хлоргексидин, мирамистин немесе фурацилин ерітіндісі қолайлы. Ал қышуды кетіруге гель түріндегі антигистамин көмектеседі.