Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:49, 03 Тамыз 2020

Дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты - Тоқаев

Қазақстан Президенті Үкімет карантин режимін сақтау шараларынкүшейтуге міндетті деп мәлімдеді.

 

«Бүкіл әлемдепандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді,қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамызданалып кетіп жатыр», деп жазды Президент Твиттерде.

Сондай-ақ Мемлекет басшысыдаңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зоркүйзеліспен қабылдағанын жазды.

«Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты.Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі дежоғары», делінген жазбада.

— Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің бастыміндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкіметазаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті.Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес, — деп жазды Президент.

Тегтер: