Дертті жұқтырудан Қытайды басып оздық

Қазіргітаңда бүкіл қоғам болып жаман індетке қарсы күрес жүргізіп жатырмыз.
Ортақ іскеәркім өз үлесін қосуға тырысуда: біреулер еріктілер қатарында ауруханаларданауқастарды қарап жатса, кәсібі бар қалталы кәсіпкерлер қаржылай көмеккөрсетуде, ал халық алдында жүрген ақын, әнші азаматтар ел арасында ақша жинап,шетелден медициналық қажетті құрал-жабдықтарды елімізге жеткізуге мұрындықболуда. Осы орайда, ортақ істен шет қалғысы келмеген академик Оразалы Сәбденағамыз редакциямызға коронавирусқа қарсы күреске қатысты өзінің ұсыныстарынжолдапты.
«Коменданттық сағат» енгізу қажет
Біз, 18 миллион халқы бар ҚазақстанРеспубликасы, covid-19 дертіне шалдыққан науқастар саны жағынан 1,4 миллиардхалқы бар Қытайдан озып кеттік. Бүгінгі таңда еліміздегі бұл қауіпті дерткешалдыққандар саны 86 192 адамнан асса, Қытайда бұл көрсеткіш 83 959-ды құрады.Қазақ елі covid-19 дертіне шалдыққанелдердің әлемдік рейтингінде 213 елдің ішінде 26-орынға тұрақтады. Осыған қоса,ТМД елдері ішінде Ресейден соң, 2-орынға жоғарылады. Аталған ақпаратты саралайкеліп, біздің қаншалықты нашар деңгейде дертпен күрескенімізді көруге болады.
Екі алып держава – АҚШ пен Ресей бұлдертке қарсы вакцина жасаудан жарысуда. Алайда басқа мемлекеттер де бұл індеткевакцина табу мақсатында аянбай тертөгуде.
Ресей әлемде бірінші болып 1957 жылы космосқажердің жасанды серігін (Спутник) ұшырса, Юрий Гагарин космосты бағындырғанәлемдегі тұңғыш космонавт болды. Ал енді Ресей ғалымдары медицина саласында жержүзінде бірінші болып COVID-19-ға қарсы вакцина шығарып жатыр. Адамдарға жасалғанзерттеу жұмыстары оң нәтижесін көрсетіп келеді. Аталған вакцина толықтай зерттеужұмыстарынан өтіп, өндіріске енгеннен кейін әлем бойынша жоғары сұранысқа ие болады. Біз әдеттегідейкөштің соңында қалып қоймау үшін бүгіннен бастап вакцинаны сатып алуғафорвардты (алдын ала шарт) келісім жасау арқылы Ресеймен шартқа отыруымызкерек. Сонда вакцинаны бірнеше есе арзанға алып, алғашқылардың бірі болыпхалқымызды емдеуге кірісеміз.
Күндізгі уақытта халық саны көшелерде асақатты байқалмайды. Алайда кешкі уақытта халықтың бұл індетті жұқтыруға көптегенсебептері болады. Мысалы, адамдар жұмыстан келіп, кешкі асын ішіп, ентігінбасқан соң серуендеуге шығады: қос-қос топ болып көңіл көтереді, түнгі клубтаржәне басқа да көңіл көтеретін орындар жасырын жұмыс істейді және т.б. Сол себепті тез арада кешкі сағат21:00-ден бастап даладағы барлық жүрісті тоқтатып, «коменданттық сағат» орнатуқажет.
Жалпы, аталған барлық ұсыныстар әлемдіктәжірибеге сәйкес сараланып, әрбір ұсыныс біздің ұлттық менталитетке сайпризмасынан зерттелді.
Оразәлі СӘБДЕН,
академик