Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:56, 31 Тамыз 2021

Digital day: сот ісін жүргізуде IT технологияларды дамыту мәселелері

None
None

       Соттарды қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен Astana Hub өкілдері «Істің нәтижесін болжау» функционалдығын талқылады.

Кездесуге департамент басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов пен цифрландыру бөлімінің басшысы Нұржан Молдақов, сондай-ақ «Бірінші несиелік бюро» ЖШС қызметкерлері Әсем Нұрғалиева, «Python RPA» Мұхамеджан Дүзенов, «НАТ» АҚ Ерлан Құзжанов, «ИНФОМАТ» ЖШС Андрей Карчин және «Болашақ инженериясы» ЖШС қызметкері Әбутәліп Мутұлы қатысты.

      Кездесудің онлайн форматындағы қатысушылары отандық өндірістің машиналық оқыту технологияларын қолдана отырып, істің нәтижесін болжау үшін IT шешімдерін іздеу туралы айтты. Департамент өкілдерінің айтуынша, бұл ірі компанияларға тәуекелдерді бағалауды жүргізуге, ал азаматтарға сот тәжірибесін түсінуге мүмкіндік береді. Ал басқалары дауды шешудің оңтайлы жолын таңдай алады. «Болжам – бұл ықтималдылық, ол судьяның шешіміне еш әсер етпейді, өйткені тараптар бір құбылысқа әртүрлі көзқараспен қарауы мүмкін. Сондықтан қазіргі кезеңде бұл ІТ өнімді судьяның орнын басушы ретінде қарастырудың қажеті жоқ», – деп атап өтті Н.Байтілесов.

        Қазақстандық IT компаниялардың өткен жылдардағы талаптар мен сот актілеріне қол жеткізу мүмкіндіктері де талқыланды. ІТ қауымдастықтардың өкілдері сот актілерінің форматтарымен танысуға және кейіннен оны одан әрі дамытудың прототипін ұсынуға ниет білдіре отырып, болжамды аналитикада ұқсас әзірлемелердің бар екені туралы хабарлады.

       Онлайн-отырысқа қатысушылар пікір алмасып, сот өндірісінде ІТ технологияларды дамыту бойынша өзара іс-қимыл қажеттілігін атап өтті. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, сонымен қатар қоғам сұранысының өсуі сот жүйесінің қызметінде жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігін көрсетеді. Үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, соттарда принципті жаңа автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

       Ақпараттық технологияларды қолдану соттар қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігінің бір әдісі болып табылады, ол тек сот отырысы қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сотқа жүгінгендердің де уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

       Қазіргі уақытта электронды сот өндірісі бірқатар элементтерді қамтиды: атап айтсақ, «Сот кабинеті» қызметі, «Талдау» форумы, процеске қатысушыларға электронды хабарлау жүйесі, «Төрелік» жүйесі, соттар мен түзеу мекемелері арасындағы бейнеконференц байланыс жүйесі.

Тегтер: