13:40, 27 Қаңтар 2025
Дикий Арманға сот үкімі шықты
![1](/static/img/image.jpg)
Сот 2022 жылғы қаңтар оқиғасы бойынша «Дикий Арман» атымен танымал Арман Жұмагелдиевке үкім шығарды.
Барлық сот отырыстары мен үкім шығару баспасөзге қолжетімділіксіз жабық есік жағдайында өтті.
Үкім 27 қаңтар күні таңғы сағат 10.00-ге белгіленген. БАҚ өкілдеріне сот залын онлайн бақылауға рұқсат берілді.
Сот үкімімен Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету, бандитизм, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша кінәлі деп танылды. Сот Дикий Арманды 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Еске салайық, 2024 жылдың ақпан айында «Дикий Арман» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері Алматы мен Шымкентте ұсталғаны хабарланған болатын.